Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Динамикалық қатар және оның көрсеткіштері



бет28/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

Динамикалық қатар және оның көрсеткіштері.
Динамикалық қатар деп статистикалық бірыңғай шамалардың қатарын айтады. Ол қандай да бір көріністің уақыт ағымына қарай өзгерісін көрсетеді. Динамикалық қатарды құрайтын сандар қатардың деңгейі болып табылады. Олар обсолюттік, салыстырмалы, немесе орташа шамалардан тұруы мүмкін.

Динамикалық қатарды анықтайтын негізгі көрсеткіштерге жататындар



  • Абсолюттік өсу (кері кету) – соңғы жылдың және алдыңғы жылдың көрсеткіштер айырмасы.

  • Өсу жылдамдығы – абсолюттік өсудің алдынғы жылдағы көрсеткішке проценттік қатынасы.

  • 1%-тік өсімнің (кемудің) құндылығы абсолюттік өсудің өсім жылдамдығына қатынасы.

  • Даму жылдамдығы – кейінгі және алдынғы деңгейдің проценттік арақатынасы.

Графикалық бейнелеу – бұл статистикалық шамаларды көрнекті етіп көрсетуге қолданылады. Графикалық бейне абсолюттік немесе салыстырмалы шамалар бойынша құрылуы мүмкін. Графикалық бейненің мынадай түрлері бар:

  • Диаграммалар (сызықша, радиалды, бағаналы, бағана ішіндегі, мүсінді, көлемді, секторлы).

  • Картограммалар.

  • Картодиаграммалар.

Кез-келген графикалық бейнені құрастырғанда мынадай ережелерді сақтау қажет:

  • әрбір графикалық бейненің өзіндік аты болуы тиіс. Онда бейненің мағынасы, уақыты және орны көрсетіледі;

  • ол белгілі бір өлшемде құрылуы керек;

  • әрбір графикалық бейнеге қолданылған бояуға және қосымшаға түсініктеме беру керек.

  • графикалық бейне статистикалық көрсеткіштің мағынасына сай

келуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет