Оқулық Шымкент 2012 жыл удк



бет78/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

Басқару субьектісі – басқарушы қызметтер мен міндеттерді атқаратын адамдар, басқаша айтқанда бастықтар, ұйымдастырушылар мен басқарудағы жүйенің барлық бөлімдерінің жұмысын, олардың ішкі және сыртқы мақсаттары мен байланыстарын есепке ала отырып үйлестіруге бағытталған іс-әрекеттері болып табылады.

Басқару субьектісінің үш деңгейі бар, олар стратегиялық тактикалық және оперативтік деңгейлер. Олар міндеттеріне қарай әртүрлі жұмыс атқарады. Стратегиялық деңгейдің міндеттеріне жататындар:

  • жоспар бойынша белгіленген көлемде және мерзімде мақсатқа жету;

  • емдеу-профилактика мекемесінің мүмкіндігін есепке ала отырып, сыртқы орта жағдайының болашақтағы даму бағытын болжамдау негізінде жаңа мақсаттарды жасау.

Сонымен, стратегиялық деңгейде қабылданған шешімдерден туындайтын нәтижелер үшін жауапкершілік бар. Ол нәтижелер мекеменің болашақтағы жетістіктері мен табыстарының кепілі болуы тиіс.

Тактикалық деңгей таңдалған стратегияға сәйкес мекеменің қорларын барынша дұрыс пайдалануға жауапты. Сонымен қатар бұл деңгей жеке бағыттар бойынша ағымдағы нәтижелерге қол жеткізу шараларын ұйымдастырады және қадағалайды.

Оперативтік деңгей жеке бөлімдердегі өндірістік үрдістердің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Ал бұл деңгей жұмысының табысты болуы технологияның сұранысқа сай болуына және қорлардың дұрыс пайдаланылуына барынша тәуелді келеді.

Басқару обьектісі – басқару субьектісінің қойған талабына сай қызмет атқаратын жұмысшылар, ұжымдар; өндірістік үдерістер, басқару қорлары болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында пациенттердің алатын медициналық көмегі олардың сұранысына сай болуына баса көңіл бөлінеді. Бұл жерде медициналық қызмет сату және сатып алу затына айналады. Сондықтан медициналық көмек сапасына қойылатын талап одан ары арта түседі.

Басқару қорларына мамандар, қаржы, негізгі қорлар, материалдық-техникалық және дәрілермен қамтамасыздандыру ж.т.б. жатады. Бұл жерде, басқаруы өте күрделі элемент деп мамандарды айтады. Олардың кәсіби даярлығының әртүрлі болуы, демографиялық көрсеткіштер, тұлғалық ерекшеліктер, оларға сұраныстың үнемі өзгеріске ұшырап отыруы мамандарды басқару қызметін ерекше бөліп қарауды талап етеді.

Субьектінің басқару обьектісіне әсер ету жолдары басқару технологиялары деп аталады. Басқару технологиясына басқару механизмдері, ұйымдастырушылық құрлым және басқару үрдісі жатады.

Басқару механизмі деп - әкімшіліктің жұмысшылар алдына қойылған өндірістік міндеттерін барынша жақсы атқаруын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыс шараларын немесе әдістерін айтады. Оның мынандай элементтері бар: шарттар, әдістемелер, қызметтер және басқару мақсаттары.

Қазіргі кездегі денсаулық сақтау саласында басқару шарттарын дұрыс пайдаланудың маңызы үлкен. Оның төмендегідей түрлері бар:



  • басқарудың ұйымдастырушылық шарттары қызметкерлердің ынтасын арттыруға бағытталған бетке ұстар міндеттер мен мақсаттарды белгілейді.

  • басқарудың даму шарты мекеме қызметкерлерінің арақатынасын реттеуге байланысты;

  • басқарудың ұйымдық салтының шарты сыртқы ортаға бағытталған және ұйымның абыройын анықтайды.

Басқару шартын құрастыру барысында қоршаған ортада қалыптасқан жағдайды, қызметкерлердің өскелеңдігін, мекеменің алдына қойған міндеттерінің құрамын және әкімшілік пен қызметкерлердің арақатынасын есепке алу қажет.

Басқарудың ұйымдастырушылық шарттарының мысалы ретінде мынандай шарттарды қарастыруға болады:



  • билік пен жауапкершілік;

  • бір басшыға бағыну (қызметкер бір басшыдан бұйрық алуы тиіс);

  • біріңғай басқару жүйесі (бір мақсатқа жұмылдырған іс-қимылдар);

  • «жинақылық» - «барлығының өз орны бар» және «барлығы да өз орнында»;

  • тұрақтылық;

  • тәртіп.

Даму және ұйымдық салт шарты бәсекелестікке байланысты туындаған. Бұл шарт тұтынушыны өзіне тарту үшін әрбір қызметкерлерде біріңғай, клиенттерге ұнайтын әдептерді қалыптастыруға қызмет етеді.

Басқару әдістемелері – басшыға ұйымның мақсатты жұмыстарын қамтамасыз етудің кешенді механизмдерімен қатар қолданатын басқарушылық әдістемелер топтары болып табылады.

Барлық әдістемелердің негізгі мақсаты – кешенді әсер ету арқылы қызметкерлердің өндірістік міндеттерді барынша жақсы орындауына ынталандыру болып табылады. Әдістер емдік-профилактикалық мекемелердің жұмысын заманауи жолдармен қолданыстағы заңнамаға сәйкес (еңбек, медицина, зейнет, әкімшілік, азаматтық және өзге құқықтық заңдар), әлеуметтік психологияға, қаржыландыру тәртіптеріне, статистикалық есепке алу және есеп беру арқылы ұйымдастыруға негізделген.

Басқару әдістері ұдайы жетілдірілуде, айқындалуда және дұрысталуда. Денсаулық сақтау саласында да басқарудың негізгі әдістері қолданылады. Оның ішінде ұйымдастырушылық-әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық әдістер ерекше орын алады. Қызметті ұйымдастырудың негізінде ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер жатыр. Бұл жеке әдістердің жиынтығы. Сонымен қатар, оның өзіндік технологиясы, тәртібі, орындау кезегі бар ұйымдастырушылық шектеу әдісі. Ұйымдастырушылық әсер басқарудың тұрақтылығын көрсетеді және мекеменің құрылымын бекітетін нормативтік құжаттар мен нұсқаулар түрінде айқындалады. Ұйымдастырушылық құжаттардың қатарында штаттар, емдеу-профилактика мекемесінің жұмыс тәртібі мен ережесі, мекеменің жарнамасы, келісім шарттары және тағы басқалары бар.

Үкімдік құжаттардың қатары басқарудың динамикасын көрсетеді. Себебі бұл құжаттар тапсырыстарды орындау жұмыстарының барысын анықтайды. Үкімшілік әсердің түрлеріне бұйрық, үкім, нұсқаулар жатады.

Сонымен қатар емдеу-профилактика мекемесінің жарнамасы, жағдаяты және мекеменің штаттық кестесі де басқарудың аса маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл құжаттар мекеменің міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылымын анықтайды. Қызметкерлердің атқаратын жұмысын нақты белгілейтін құжаттарға ішкі еңбек ету тәртібі, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық келісім-шарт жатады.

Әлеуметтік-психологиялық әдістерді ұжымға, онда жүріп жатқан әлеуметтік үрдістерге ұжымның жеке әсер ететін кешенді әдістері деп қарастыру қажет. Әлеуметтік-психологиялық басқару әдісінің бір қырына демократиялық, ал қажетті жағдайда либералдық басқару әдісін қолдану жатады. Ұжымды басқаруды барынша тиімді ұйымдастыру үшін менеджердің абыройының жоғары болуы ерекше роль атқарады.

Абыройлылық менеджердің кәсіби білімінінің, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болуымен және адамдармен тіл табыса алу қабілетімен анықталады. Экономикалық әдістер тобына экономикалық сараптау және тұжырымдау, ғылыми жоспарлау және болжамдау, статистикалық әдістер жатады. Экономикалық әдістердің маңызды тетігінің бірі материалдарды және қаражатты нақты шығындауды қатаң сақтау, материалдық байлықты, төсек-орынды, аспаптар мен құралдарды дұрыс пайдалану болып табылады.

Экономикалық әдістерді қызметкерлердің жоғары сапада жұмыс істеуіне ынталандыру мақсатында қолданған жөн. Ынталандыру үшін қосымша төлемақы беру экономикалық әдістің бір көрінісі деп қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет