6.1. Денсаулық сақтау қызметі мен басқару негізі. Басқарудың теориялық негізі. Басқару теориясы. Халық шаруашылығында, оның ішінде денсаулық сақтау саласында нарықтық экономикаға өтпес бұрын негізгі басқару әкімшілік-нұсқаулық, бұйрық жүзінде іске асырылатын. Басқару үрдісінде әлеуметтік-психологиялық және математикалық-экономикалық механизмдер мүлдем қолданылмайтын.
Қазіргі басқару немесе менеждмент экономикалық-математикалық және әлеуметтік-психологиялық механизмдерге басым көңіл бөледі. Басқару нысаны ретінде денсаулық сақтау жүйесі қарастырылады. Жүйе дегеніміз бірегейлік. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы және ортақ категорияның сипатына нақтылық және ерекшелік беретін бөлшектерден тұрады(10 сурет). Нысанның ерекшелігі оны басқару үрдісін барынша күрделендіріп жібереді.