Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы негізгі заңдары



бет83/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

7.1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы негізгі заңдары.
Денсаулық сақтау саласының нормативті құқықтық актілері Республика Президентінің жарлығы, парламенттік заң, үкіметтің қаулысы және денсаулық сақтау министрінің бұйрығы немесе үкімі ретінде берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеу, қайта құру, оңтайлау және одан ары дамыту, тұрғындардың денсаулығын қорғау шараларын қүшейту, медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында қабылданған заңды құжаттар республикада тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың айнасы деуге болады.

Соңғы 20 жылда қабылданған ең маңызды заңдық актілердің қатарына жататындар:



  1. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясының 29 бабында азаматтарға өз денсаулығын қорғауға мемлекеттік кепілдік берілетіндігі баса көрсетілген. Ал кейінгі кезеңдерде қабылданған заңды құжаттардың барлығы осы баптың шешімін орындауға бағытталған шаралардан тұрады деуге болады.

  2. 1992 жылы «Денсаулық сақтау саласын оңтайлау концепциясы» жасалып, оны жүзеге асыру туралы Президенттің нұсқауы жарияланды. Бұл концепцияда Республикалық денсаулық сақтау саласында медициналық сақтандыру жүйесін ендіру және оны жүзеге асыру механизмі қарастырылған. Шет елдердегі медициналық сақтандыру тәжірибесі зерттеліп, оны сынақтан өткізетін пилоттық аудандар белгіленеді.

  3. «Республикалық бюджеттер туралы» заңда (1994 ж) тек денсаулық сақтау саласының негізгі қызметтерін қаржыландыру қарастырылып қоймайды, сонымен қатар жоспарлы қайта құру, оңтайлау үрдістерінде қаржыландыру мәселелері есепке алынады.

  4. «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығы туралы» заң (1994 жыл) еліміздің егемендігінен кейін қалыптасқан жалпы әлеуметтік-гигиеналық және экономикалық қатынастардың өзгерістеріне сай санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңадан құру сұрақтарын шешуге бағытталды.

  5. «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» 1995 жылғы Президенттің жарлығы денсаулық сақтау саласын және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыруды нарықтық қатынасқа сай жаңа тиімді жүйеде ұйымдастыру арқылы медицинада бәсекелестік және сапа менеджментін қалыптастыруға бет бұру деуге болады.

  6. «Фармацевтика өндірісінің дамуын қолдау туралы» 1996 жылғы Президенттің жарлығы бұл өндірістің құлдырауын тоқтатуға және оның құлдырауын тоқтатуға және оның жаңа бағыттарда дамуына жол ашты.

  7. «Психиатриялық көмек және оны алу барысында азаматтар құқығының сақталуына кепіл беру туралы» 1996 жылғы Президенттің жарлығы бұл саладағы Кеңестер дәуіріндегі жіберілген заңсыздықтарды болдырмау және психиатриялық көмекті дамытуды ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыда жақсарту жолдары қарастырылған.

  8. «Инфекцияларға қарсы күрестің қосымша шаралары туралы » Президенттің (1996жылғы) жарлығы елімізде қалыптасқан санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық келеңсіздіктерден инфекциялық аурулардың өршуіне қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру жолдары көрсетілген және жауапты тұлғалар анықталған.

  9. «ЖИТС ауруының профилактикасы туралы» 1996 жылы жарық көрген Президент жарлығында, елімізде үдеп кеткен жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромының профилактикасын күшейту шаралары қарастырылған.

  10. «Қазақстан 2030» (1997 жыл) атты Президенттің жолдауында денсаулық сақтау саласын жетілдіру және медициналық көмектің сапасын арттыруға қарай 8 қадам ұсынылды. Оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыру аса маңызды әлеуметтік-медициналық бағыт ретінде көрсетілген.

  11. Президенттің 1997 жылғы «Міндетті медициналық сақтандыру қорын қайта ұйымдастыру туралы» № 1387 жарлығы бұл қордың орнына медицина көмекті төлеу орталықтарын ашу жолдары қарастырылған.

  12. «Отбасылық медициналық қызмет туралы» заң (1998 жыл) бұл қызметті ұйымдастыру және мамандарын даярлау жолдарын көрсетеді.

  13. Президенттің 1998 жылғы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар туралы » жарлығы денсаулық сақтау саласында жедел қолға алуды қажет ететін шаралар көрсетілген. Бұл жарлықта балалар мен аналардың өлімін азайту, әлеуметтік маңызы үлкен аурулардың профилактикасын күшейту мәселелері басым бағыттар ретінде көрсетілген.

  14. Президенттің 1999 жылғы «Кепілдендірілген қызмет тізбесі» туралы № 70 жарлығы тегін кепілдендірілген медициналық көмекті көрсету ауқымын реттеуге бағытталған.

  15. «Халық денсаулығы және денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс денсаулық сақтау саласын және медициналық көмек қызметін одан ары жақсартуға арналған Заңнамаларды жетілдіруге арналған.

  16. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға және 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларды сапалы да тиімді ұйымдастыру шараларына арналған. Осының барлығы елімізде денсаулық сақтаудың Біріңғай Ұлттық жүйесін ендіруге және тұрғындардың сапалы медициналық көмекке сұранысын барынша толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет