Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет183/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   303
жұмыстарын ұйымдастыру. 
Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың 
педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды 
әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық 
қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім 
деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателік 
болмауына сенімдерін орнықтырады.
 
3.
 
Ата-аналарды балалармен бірге іс-әрекетке қатыстыру. 
Мұнда 
тәрбиелеу ортасын кеңейту, бала тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін 
арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру. Осы іс-әрекеттер 
барысында мұғалім, ата-ана және баланың өзара қарым-қатынасын жақсартуды 
көздейді.
 
Балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналармен жұмыс жасауда мектеп 
тәжірибесінде қолданылатын әртүрлі формалар: 

жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;
 


202 

сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, 
саяхат, кеш, спорттық жарыстар және т.с.с.);
 

балалардың сабақтарына, олимпиада, кеш, апталық, ата-аналардың ашық 
есік күніне және т.б. шақыру;
 

мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу: еңбек адамдарымен 
кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары;
 

өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын 
ұйымдастыру;
 

балалардың аула клубтарын құру;
 

мектеп және сынып кеңестерінің жұмыстарына қатыстыру;
 

мектеп немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға 
қатысу, кітапхана қорын молайту, көрмелер ұйымдастыру;
 

мектеп немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру, оларды 
өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау және т.б.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет