Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық ұжымның үшінші ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет188/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   303
Педагогикалық ұжымның үшінші ерекшелігі
– оның қызметінің 
ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер орта және 
жоғары сынып мұғалімдерінің іс-әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен 
сәйкестендірмесе, 
оқушылардың 
білімін 
бағалау, 
мектеп 
жұмысын 
ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса, онда ол табысқа жеткізбейді.
Педагогикалық ұжымның төртінші ерекшелігі
 

 
белгілі бір 
педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауы. Бұл жағдай 
мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытып, 
кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау 
нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыттың 
жетіспеуіне байланысты баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, 
олардың кино, театр, мұражай мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Сурет-88. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, 
парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, 
мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер жеке тұлғаның бейнесін 
қалыптастыру.
Бұл орайда ата-аналардың рөлі айрықша. Мектеп жанынан құрылған
ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің 
бастамасы болуда. Орта мектеп пен отбасының тәрбие берудегі біріккен
іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: 
біріншісіне – оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру 
арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады. 
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері: 
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар 
етіп отыру; 
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету; 
- ата-аналарды топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға 
қатыстыру; 
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу; 
- ата-аналарды мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет