Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет189/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   303
Педагогикалық ұжымның
ерекшеліктері
Өзін-өзі басқара
алуы
Уақыт шегінің
болмауы
Ұжымдық
жауапкершілігі
Кәсіптік 
қызметінің 
көп қырлылығы 


208 
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу. 
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңесі:
1. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай, жай 
түсіндіру. 
2.
Балалардың бойында саламатты өмір салтының дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған, саламатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. 
Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 
3. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, 
ем-шара қабылдау, түзету жаттығулары, таза ауада болып, қимыл-қозғалыс 
ойындарын ойнау. 
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен
жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып 
табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық процестің 
белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу оңай емес. Ол асқан шеберлік пен зор 
жауапкершілікті қажет етеді.
Тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет? 
Біріншіден,
оқушылардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, 
тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне, 
мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін 
ескере отырып, мақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет.
Екіншіден,
оқушылар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен 
ұғымдарын, 
икемділіктері 
мен 
қажеттіліктерін, 
даму 
деңгейлерін,
қарым-қатынастарын және т.б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы 
тәрбиелерін, оқу-тәрбие процесі барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Бұл екі 
жолмен жүзеге асырылады: 
1) психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, 
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы; 
2) бастапқы күндерден бастап тәрбиешінің жұмыстарын: «Білім күні», 
«Жексенбілік жорық», «Танысу күні», «Бірінші ата-аналар жиналысы», 
«Кабинетті көркейту және жарақтандыру», «Сенбілік өткізу» және т.б.
іс-шаралар жүргізу. Бұл іс-шаралардың барлығы оқушылармен, сынып ұжымы 
және ата-аналармен жақынырақ танысуға көмектеседі. 
Үшіншіден,
оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып 
сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (олардан сұрақтарға жазбаша жауап алу), 
ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы. 
Төртіншіден,
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу. 
Бесіншіден,
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсия, 
мұражай, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу. 
Сынып жетекшісі тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруы үшін оқушының 
отбасы жағдайын зерттеп, отбасы туралы мәліметтерді біліп отыруы қажет. 
Зерттеу барысында олардың тәрбиелік деңгейі анықталады. Соған байланысты 
тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. 


209 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет