Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет250/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   303
Әңгімелесу 
әдісінің 
артықшылықтары:
ес 
пен 
тілді 
дамытуы; оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; белгілі болуы; 
жақсы диагностикалық құрал, үлкен тәрбиелік күші бар. 
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: 
уақыттың көп кетуі;
 
қауіп элементі бар 
(оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап 
қалады).
 
Түсіндіру
– жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың 
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мұғалім оқушыларға таныс емес 
құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа 
материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең 
қолданылады. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, 
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. 
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: сұрақтарды дәл және анық 
тұжырымдау, себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру, салыстыру, 
қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану, жүйелілік. 
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс
– оқытудың маңызды әдісі. 
Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге 


268 
асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа 
материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: 

 конспектілеу
– кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; 

 мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау
– жоспар құру 
үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; 

 тезистеу
– кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; 

 цитаталау
– мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап 
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі; 

 аннотация
– мәнді елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа 
баяндау; 

 рецензиялау
– оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; 

анықтама жазу 
– кітап, т.б. мағлұмат көзі бойынша мәлімет беру. 
Анықтамалар 
статистикалық, 
библиографиялық 
(өмірбаяндық, 
терминологиялық, географиялық, т.б.) түрде болады; 

 формалдық-логикалық модель
– мәтіннің сызбасы; 

 тақырыптық тезаурус
– бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды 
ретке келтіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет