Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет263/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   303
Тестің түрлері: 
1) Толықтыруды қажет ететін тест:
мәтінде, сызуда, формуланың 
жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын 
қалдырылады. 
2) Еске алушы тест:
тест сұрағына жауап қандай бір факті, заң мағынасы, 
ережелер түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты жауап 
берілуі тексеріледі. 
3) Балама жауаптары бар тест:
қандайда бір шешімнің дұрыс немесе
бұрыс екенін табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немесе «-» белгілері 
қойылады не «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады. 
4) Таңдамалы тест:
бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады, 
жауаптар саны үшеуден кем болмауы тиіс. 
5) Сәйкестік (салыстыру) тест:
тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен 
мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді 
табуға құрылған. 
6) Реттілік-бірізділікке негізделген тест:
көлем, атау және т.б. 
көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, 
ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады. 
7) Құрама тест:
құрылымы бойынша онда тестін әр түріндегі сұрақтары 
болуы мүмкін, бұл тестің тапсырмалары мәтін немесе кесте, формула, сызбалар 
жиыны түрінде берілуі мүмкін. Деңгейі бойынша бұл тест аса сыйымды әрі 
өзгермелі болады. 
Оқушылар 
портфолиосы. 
Бағалау 
процесін 
ұйымдастыруға 
қойылатын талаптар.
Бағалауды сапалы жаңарту бағдарламаларының ретінде соңғы кездерде 
портфолио технологиясы ұсынылып жүр. Бұл технология оқушы әрекетінің 
нәтижесін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.


279 
Портфолио – оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. 
Американдық және Еуропалық білім беруде портфолио «оқушы жұмысының 
жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады. 
Портфолионың мектепте пайдалану идеясы ХХ ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та 
пайда болды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары негізгі мектептің барлық 
оқушылары үшін ұсынылды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын 
анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептің жоғарғы сатысында сауатты 
түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Портфолионың негізгі мақсаты – оқушының білім алу процесі бойынша 
есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін көру, 
оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет