Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқытудың жобалау технологиясы



Pdf көрінісі
бет285/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   303
Оқытудың жобалау технологиясы. 
Бұл жүйенің негізіне Дьюи, 
Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:
 
-
бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды; 
-
іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды; 
-
балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу; 
-
шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін 
мәліметтер де өте маңызды. 
Ғ-қосымшада оқытудың жобалау технологиясында оқушы мен мұғалім іс-
әрекетінің жүйесі ашылды. 
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден 
барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі”
 
деген кітабында жобалау 
әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді. 
Олардың негізгілері: 

Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын 
іліп әкетеді. 

Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі. 

Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны 
басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді. 

Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады. 

Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп 
отырады. 

Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады. 
Жобалап оқыту мақсаты: 
1)
жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше 
және ықыласпен оқып үйренуіне; 
2)
танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді 
пайдалануына; 
3)
әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді 
игеруге; 
4)
зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, 
тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану; 
5)
жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады. 
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары: 

Басты назар-оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал 
ету. 

Оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні 
бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын 
арттырады. 

Жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне 
шығуын қамтамасыз етеді. 

Оқу жобасын кешенді жасау оқушының негізгі физиологиялық және 
психологиялық қызметтерінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет