315
ГЛОССАРИЙ
Абстракциялау
– заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі
қасиеттерінен бөліп алып, жалпылау.
Академиялық қабілет
– мұғалім қабілетінің пән саласына (математика,
физика, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп,
өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Акселерация
–
жасөспірімдердің
дене дамуының күрт жылдам дауы.
Аксиология
– құндылық теориясы, құндылық табиғаты жайлы, оның
өмірдегі алатын орны, яғни жеке тұлғаның құрылымы мен әлеуметтік жеке
мәдени факторлары арасындағы әртүрлі құндылық байланыстары жайлы ілім.
Ақыл-ой тәрбиесі
– дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білім, дағдылар, тіршілік
ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш қуатын
арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін
игеру.
Арнайы педагогика
– көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында
табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін
педагогиканың саласы.
Базистік оқу жоспары
– алдағы 10-15 жылда берілетін білім мазмұнын
көрсететін және әртүрлі оқу жоспарларын құрастыруға негіз болатын жаңа
нормативтік құжат.
Бақылау
– бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың
танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы.
Білік
–
адамның белгілі бір
құбылыс, күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп,
өзінше пайымдай білу қасиеті.
Білім
– адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: