Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың  дамуына ықпал жасайтын процесс.  Гимназия



Pdf көрінісі
бет295/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303
Білім беру
– оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың 
дамуына ықпал жасайтын процесс. 
Гимназия 
– негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, 
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. 
Даму 
– жеке тұлға дамуының сандық және сапалық өзгерістерінің желісі 
мен нәтижесі; бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа 
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. 
Еңбек тәрбиесі
 
– еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық 
игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі. 
Жиынтық (суммативті) бағалау
– бұл белгілі уақытта тақырыпты, 
тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен 
құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау.
Креативтілік 
(creatio латын тілінен тікелей аудармасы – «жасап шығару»; 
«жасырын күш»; «жасап шығаруға қабілеттілік».) – өнімді әрекет етуге дайын 
болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы. 
Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотивтерінің болуы. 


316 
Критериалды бағалау
– оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге 
жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер 
енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты 
анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау.
 
Қалыптасу
– ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, 
барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде 
дамып жетілуі. 
Құзіреттілік
– алған білім,білік, тәжірибе, мінез- құлық тәсілдерін нақты 
жағдаятта, нақты іс- әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті. 
Менеджмент
– бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас 
тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің 
ерекше формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет