Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет88/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

эксперимент жұмысы
: бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау 
(бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);

талдау
: сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге 
түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу. 
 
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы

Ғылыми зерттеу 
бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің 
әдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу 
әдістемесі. 
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның 
құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі 
жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның 
нәтижесі.
Педагогикалық зерттеу әдістері-педагогикалық болмыс туралы зерттеуші 
жинаған факті мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері (43-сурет).
Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды 
түсіндіру және оларды алдын ала болжау. 
Зерттеу 
педагогикалық 
зерттеулер 
сапасын 
танытушы 
негізгі 
көрсеткіштерді қамтиды: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеудің 
өзектілігі, нысаны, пәні, мақсат- міндеттері, болжамы, қорғалуы тиіс идеялар
жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. 
Тақырыптың өзектілігі.
Тақырыптың өзектілігін ашу үшін практика 
жүзінде сұрақтарды және тақырыпты жеке дәлелдеп түсіндіру қажет: 
тақырыптың практикалық даму тенденциясын талдау және оның керектігіне 
мұқтаждығын айқындау; практикада және теорияда қолдануын анықтау. 


96 
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің 
жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік 
тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. 
Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалмалы, уақыт пен кеңістікке әрі ерекше 
жағдайларға тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет