Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Синтез  – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру.  Абстракциялау



Pdf көрінісі
бет84/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   303
Синтез 
– заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру. 
Абстракциялау 
– зерттеліп отырған сол істің қажетсіз емес қасиеттері мен 
қарым-қатынастарынан зеттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын 
бөліп алу. Түрлері:
Талдап қорыту
– көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, 
бірдей белгілерін анықтау.
Жекелеп бөлу
– бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін 
зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі. 
Индукция
– жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік 
беретін талқылау әдісі. 
Дедукция 
– жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасап алуға мүмкіндік 
беретін талқылау әдісі. 
Модельдеу
– модель жасау мен зерттеу әдісі. Артықшылығы – ақпаратты 
тұтас көрсету. Модельдеу синтетикалық принципке негізделеді: тұтас жүйені 
бөліп көрсету және оның қызмет етуін зерттейді. 
 
 
Сурет-41. Педагогикалық зерттеу әдістері мен оларды жіктеудің 
өлшемдері 
 
Математикалық әдістер
заттық, белгілік әдістер, сауалнама, эксперимент 
жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан 
құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында 
қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін 
арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге көмектеседі. Математикалық 
әдістер арасында педагогикада ең көп қолданысқа келетіндері: тіркеу, 
ранжирлеу, өлшемге түсіру.
 
Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық 
шамасы айқындалады: 
арифметикалық орта 
– салыстырып бақылау және 


92 
эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа 
мәні;
медиана
– тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы 
болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - 
медиана; таралу дәрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқуы, 
баламалар коэффиценті және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет