182
Екінші кезең
– басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын
белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке
алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.
Үшінші кезең
– ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық
жұмыстарының, құрал- жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.
Төртінші кезең
–
тапсырмалар бөлістіріледі,
тәрбиеленушілердің
баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме
ретінде тапсырылады.
Бесінші кезең
– тәрбиеленушілердің бәрі өз міндетіне алған шығармашыл
жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең
– дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең
– тәрбиелік іс -шара өткізілгеннен соң ынталы топ және
ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына
ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндеті,
қызметі бар.
Атап айтсақ, бірінші кезеңде – өзіндік басқару кешенін түзу
тәжірибесі қалыптастады, тәрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын
бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды;
үшінші кезеңде – жұмыс бабына, іскерлікке дағдыланады,
табыс берер
шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - әлеуметтік
тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады;
бесінші кезеңде –
танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой -пікірлерін
түйіндеу, іс-шараға сай безендіру әрекеттері нығайып, тәрбиеленушілердің
өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде –
әртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тәрбиеленуші
өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз әрекеттері мен
ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Соңғы жылдары тәрбиелік жұмыстардың төмендегідей формалары кең
тарап, мектеп тәжірибесіне енуде: «ХХІ ғасырдың көшбасшысы»
интеллектуалдық сайысы, «Алтын қақпа», «Қызық екен ...», «Сыр сұхбат», «Сіз
не дейсіз?» , «Айтуға оңай ... »
ашық микрофон, әңгіме, философиялық басқосу,
дөңгелек үстел, пікірсайыс және т.б.
Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар
: әдемі әрі
сәнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал,
деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс
не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат»
– кезегімен
қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға
жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен
қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон
формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін
қолданылады.
Фәлсафалық бас қосу
– тәрбеленуші өмірінің
мән-мағынасын тереңдей
түсінуге арналған ғұламалық сұхбат - кеңес.
183
Белгілі тақырып бойынша пікірсайыс
– екі топ кезегімен ой толғаныстарын
ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар сайысы
– ақыл-ес әрекеттерін, білімдерін жарыстырудың
ойын формасы.
Аукцион
– ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер
туындысы және т.б.«сатып алу» үшін қатысушы қалаған затына байланысты өз
білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыражай әңгіме
– сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу,
тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні
– арнайы күн, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін
танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
77-суретте тәрбие жұмыстарының қызметтері ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: