56
немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен
шектелмейді, ол адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім
түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім
ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір
талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Егер
білім жүйесін жобалау барысында, адамзаттың мәдени
байлықтарына әрбір жеке тұлға өзінің субьективті қажеттілігі ретінде қарайтын
болса, сонда ғана білімнің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Үздіксіз білім жеке тұлғаның қабілетіне, бұрынғы алған мамандығына,
білім деңгейіне қарамай-ақ жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты
толық дамуына ұмтылуы деп бағаласақ, онда жеке тұлға үшін білім алу процесі
тоқталуы мүмкін емес. Үздіксіз білім алу нәтижесінде тұлға бірқатар
мүмкіндіктерге ие бола алады: өз бетімен жаңа білім алу мүмкіндігі; сапалы
білімге қол жеткізуі; танымдық ой-өрісінің дамуы; қызмет саласында өз
шеберлігін жетілдіруі.
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы – виртуалды білім кеңістігін
құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қоғамды ақпараттандыру
жағдайында,
қоғамның
әрбір
мүшесінің
ақпараттық
мәдениетін
қалыптастыруда, үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу
нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай,
өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: