Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет59/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Шығармашылық
Жаңалыққа 
құлшыныс
Материалдық 
ынталандыру
Бәсекелестік
Ізденіс


66 
II БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
2.1 Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 
 
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педагогиканың 
объектісі, пәні және қызметтері.
«Педагогика» ұғымы «пайдагогос» («
paіda
»
-бала, «
gogos
»-
жетектеуші) 
деген грек сөзінен шыққан. Педагогикалық еңбектерде бұл ұғым көне грек 
елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған делінген.
Ертегі Грецияда қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке 
алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепте оқымысты басқа 
құл оқытқан.
Қоғамның дамуына байланысты баланы оқытатын тұлғаның рөлі түбірімен 
өзгерді. Бүгінде 
«баланы өмірге жетелеу»
өнері ретінде қабылданатын бұл 
ғылым, баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан 
дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін болды.
Сондықтан да баланы тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа 
бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым педагогика деп 
аталады.
Педагогика адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының 
ажырамас саласы болып табылады. Ғылым салаларының дамуы қоғамның 
өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады.
Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ 
басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды 
тәрбиелеу деп түсіңді. Сократтың пайымдауынша, тәрбиенің мақсаты –
заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, адами құндылықтарды 
жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге 
көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені қоғамның өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік 
етуші топтар - философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеуі 
керек деп түсіңді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты – жан 
рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді. 
Білім беру, ағартушылық ой-пікірлер мен құрылымдар Ежелгі заманның 
б.з.д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білім берудің, оқытудың 
жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды. Мысалы: үлкендер үлгісіне 
еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және 
т.б. Жазу-сызу, хат пайда болған кезде сауаттылыққа, оқуға, жазуға үйрену 
кесте көмегімен жүзеге асырылды. Әліппеге әріптерді қосу әдісі арқылы 
үйретілді. Оқушылар мәтінді жаттап алып, содан соң сөзбе-сөз қайталап 
айтатын еді.
 
Ежелгі және орта ғасырлық педагогикалық ойлар алғашқы 
қауымдық құрылыс кезеңiнде – тапсыз қоғамда да болды. Бұл кезеңде 
педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды. Атақты 
ежелгі грек ойшылдары Пифагор (б.з.д., V ғасыр), Гераклит (б.з.д., 520-460 
ж.ж.), Демокрит (б.з.д., 460-370 ж.ж.), Платон (б.з.д., 427-347ж.ж.), Аристотель 
(б.з.д., 384-322 ж.ж.) әртүрлі сұрақтар бойынша философиялық ойлармен қатар 


67 
білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын 
білдірді.
Ежелгі Шығыста (б.з.д.,V-IV ғасыр) – Мысыр, Үндістан, Қытай өркениеті, 
Ежелгі Месопотамияда (б.з.д., 3 мыңжылдық) әңгіме, талқылау, диалог-талас, 
жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған. 
Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықта Ежелгі Үндістанда мектептің 
білім беру ісінде оқытудың белсенді тәсілдерін қолданған. Мысалы: мұғалім 
оқушының алдында әртүрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз 
бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге үйретті. Ежелгі 
Қытайдағы Конфуций мектебінде оқытудың үлгіге еліктеу, диалог, салыстыру, 
заттарды және құбылыстарды топтастыру тәсілдері қолданылды.
Педагогика ғылымының даму тарихын зерттеушілер білім беру мен оқыту 
теорияларының пайда болуын ежелгі грек-шешен өнерінің теориясын салушы 
Квинтилиан Марк Фабия (б.з.д., 35-96 ж.) атымен байланыстырады. Квинтилиан
б.з.б. І-ғасырдың аяғында шешендер мектебін ашып, «Шешендік білім туралы» 
атты 12 томдық еңбек жазды. Трактатта білім беру және тәрбиелеудің әртүрлі 
мәселелерін талқылады. Сондықтан Квинтилиан шығармасы ежелгі Римнің 
педагогика тарихының бай көзі болып табылады. Оқытудың негізгі тәсілдеріне 
еліктеу, уағыздау, жаттығу жаттады. Квинтилиан ұжымдық оқумен оқылған 
мәтінді талдауды тәжірибеден өткізді.
Еуропада (б.з.д., V ғасыр) орта ғасырлық мектеп құрылды. Оқыту 
бағдарламасының мазмұны 2 еркін өнерден тұрды: 
1) 
бастапқы цикл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет