29
Педагогтың
коммуникативті құзыреттілігі
– кәсіби маңызды,
интегративті сапа: эмоциялық тұрақтылық, аяғына дейін тыңдай
білу қабілеті,
қуаттай білу іскерлігі, сыпайылық, тілдік шеберлігі және т.б.
Ақпараттық құзыреттілік
– педагогтың
жаңа ақпаратпен жұмыс істеу
қабілеті, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы ақпараттар жинай алуы,
оны талдай алуы.
Реттеушілік (түзетушілік) құзыреттілік
–
мұғалімнің өз іс-әрекетін
басқара алу іскерлігі; алынатын нәтижені болжай алуы және жоспарлауы,
тұрақты
белсенділік танытуы; нәтижені бағалай алуы; педагогикалық
рефлексия жасай алуы.
Интеллектуалдық құзыреттілік
– талдау, жинақтау, салыстыру,
дәлелдеу, қорыту іскерліктері; қисынды ойлау икемділігі және т.б.
Операциялық құзыреттілік
– педагогикалық қызметті іске асыруға
қажетті
дағдылар
жиынтығы:
жобалаушылық,
пәндік-әдістемелік,
ұйымдастырушылық, педагогикалық сараптамалық әрекеттер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: