41
Педагогтың беделі – жағымды фактор. А.С.Макаренко, төмендегідей
жалған бедел түрлерін анықтайды: тәкаппарлық; басшылдық;
қашық бедел;
сүйіспеншілік бедел ( 15-сурет).
Сурет-15. Педагог беделі
1) Тәкаппарлық бедел
– үнемі өз қызметімен орынсыз ерсіну,
өзінің
жетістіктеріне басқалардың ынтасын аударып отыру және осылардың негізінде
қасындағыларға, қызметтестеріне менмендік көрсету.
2) Басшылдық бедел
– үнемі шамдану, әрбір сұраққа дөрекі түрде жауап
қайыру, қол астындағыларды үнемі үрейде ұстап отыру.
3) Қашық бедел
– мұндай беделділер қызметтестерін өзінен қашық
ұстайды, мүмкіндігінше олармен аз сөйлесуге және ресми түрде сөйлесуге
тырысады.
4) Сүйіспеншілік бедел
– өзінің ерекше өкілеттілігіне, өзгешелігіне, жеке
басының маңыздығына сүйенетін адам. Ол өзінің
ойынша әріптестерінен
бөлекше санайды, өзінің ерекше өкілеттігіне сену және осының арқасында
жұмысқа өзінің күш-қуатын жігерін толық жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: