Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


– тривиум : Грамматика, риторика, диалектика;  2)  көтеріңкі цикл  – квадривиум



Pdf көрінісі
бет60/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   304
 – тривиум
: Грамматика, риторика, диалектика; 
2) 
көтеріңкі цикл
 – квадривиум
: Арифметика, астрономия, музыка. 
Орта ғасырда (феодалдық қоғамда) педагогтар тәрбиені дінмен тығыз 
байланыстырып, догматикалық оқыту принциптерін ұсынған пікірлер 
қалыптасты: Тертуллиан, Августин, Аквинаттың педагогикалық трактаттары 
пайда болды. 
Бұл кезең Қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді. Қайта өрлеу кезеңіндегі 
педагогикалық ойлаудың ғұлама өкілдердері, оқытуда көрнекілік әдісін 
қолдануды ұсынған: Т.Кампонелла; француз философы, ойшыл, тәжірибені 
оқыту құралы ретінде насихаттаушы М.Монтень; голландиялық ойшыл, 
«адамгершіліктің критерийі еңбекке деген қатынас» дегенді айтқан 
Э.Роттердамский және т.б. 
Қазақстандық педагогика ғылымының дамуындағы алты кезеңді шартты 
түрде атап айтуға болады. 
Бірінші кезең
– тәрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы, 
ертегілердегі халықтың ауыз екі өнерімен, қазақтың салт-дәстүрімен 
байланысты. 
Бұл кезең 
қазақ хандығы тұсындағы тәлім-тәрбиемен
 
ерекшелінеді.
 
Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi 
қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар 
мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, 
Асанқайғы, М.Х.Дулати, Қ.Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, 


68 
Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, 
Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым және т.б.
Екінші кезең
 
– шығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен 
шығыс 
мәдениетінің қалыптасу кезеңімен
байланысады. Себебі еуропалық қайта 
өрлеуге дейін араб мұсылмандары түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік әлемдік 
көзқарасын қалыптастырды. Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының 
қалыптасуына әбу Насыр әл-Фарабидің, әбу Әли Хусейн ибн Абдулах Синаның, 
әбу Рейхан Мұхаммед әл-Бирунидің, әбу Хамид әл-Газалидің, Насыреддин 
Тусидің және т.б. тәрбие және білім беру жайлы еңбектері зор ықпал етті. 
Алайда ғалым-энциклопедистердің тәрбие және білім жайлы құнды 
педагогикалық ойлары біртұтас жүйеге келтірілмеген еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет