Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі



Pdf көрінісі
бет25/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   304
Педагогикалық іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
А.И.Щербаков пен А.В.Мудрик «педагогикалық іс-әрекет» ұғымына
төмендегідей анықтама береді: «Педагогикалық іс-әрекет – бұл кәсіби мақсаты 
өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-
әрекеті».
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – жеке тұлғаны дамытуға және 
қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтау үшін жағдай жасауға адамзаттың
ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен мәдениетін аға ұрпақтың
жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің ерекше бір түрі. 
Педагогикалық әрекеттің бірінші компоненті – бұл қоғам қажеттілігіндегі
инновациялық білім, қоғам дамуының тенденциялары, адамдарға қойылатын 
талаптар. Бұл компонент педагогикалық әрекеттің мазмұны, тапсырмалары, 
мақсатын анықтайды. 
Екінші компонент педагогикалық әрекеттің мақсатын анықтайды: 
жеткіншек ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесіндегі қоғамдық қарым- 
қатынастар, мәдениет, әртүрлі ғылыми білімдер, технология.
Үшінші компонент – бұл арнайы педагогикалық білім, кәсіби тәжірибе 
және шеберлік пен құзыреттілік. 


28 
Педагогикалық әрекеттің мәнін И.П.Подласый айрықша атап көрсетті: 
«Мұғалім үстелінде отырған адам барлығына жауапты, бәрін біледі және бәрін 
істей алады. Әр оқушының, өскелең ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің 
тағдырына 
жауаптылығымен 
мұғалім 
әрекеті 
сипатталады. 
Бүгінгі 
педагогикалық әрекеттің, еңбектің нәтижесі қандай болса, біздің ертеңгі 
қоғамымыз да дәл сондай болады». 
 
Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. 
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас 
процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Мұғалім білім бере 
отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-
әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады және жеке тұлғаның қалыптасуы 
мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында төмендегідей 
функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-
әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары; 
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны,
педагогикалық процесс пен оны ұйымдастыру түрлері; 
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектісі, мазмұны 
мен құралдары, нәтижелері, педагогикалық рефлексия (5-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет