Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет28/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   304
Гностикалық іс-әрекет
мұғалімнің төмендегілерді зерделеуін қамтиды: өз 
іс-әрекетінің объектісі; яғни оқушылар көмегімен бұл іс-әрекет жүзеге асатын 
мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістер; өз тұлғасын саналы жетілдіру 
мақсатында өз іс-әрекетінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Педагогикалық 
іс-әрекетке 
сәйкес 
мұғалім 
мамандығына 
тән 
педагогикалық қабілеттер анықталады. 
Дидактикалық қабілет. 
Оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп 
жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу
пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
Академиялық қабілет
.
Мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, 
физика, биология, әдебиет және т.б.) сәйкестігі. Мұндай мұғалім өз пәнін 
өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Перцептивті қабілет.
Оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті 
мұғалім оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу, 
қобалжу және т.б.) бірден байқайды. 
Экспрессивті (сөйлеу) қабілеті

Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін 
нақты және түсінікті етіп жеткізу. 
Қолданбалы қабілет
.
Мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ
іс-әрекет түрі – спорт, шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері 
туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі (7-сурет). 
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болуы үшін 
қажетті белгіні Н.В.Кузьмина төмендегіше сипаттайды: «Педагогтың кәсібилігі 
негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту және қалай тәрбиелеу, оқушыны 
бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді 
қалай шешуге және мейлінше тез, тиімді жолдармен тәрбие мақсаттары мен 
міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі. ... педагог білімдерінің 
жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды».


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет