Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тұтас педагогикалық процестегі тұлғалық қатынас мәселесі



Pdf көрінісі
бет39/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   304
 
Тұтас педагогикалық процестегі тұлғалық қатынас мәселесі. 
Педагогикалық этика және мұғалім әдебі – педагогикалық процесс 
субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. 
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық қызметтің күрделі саласы, 
кәсіптік іскерлікті қажет ететін қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-
қатынаста ұсақ-түйек жоқ: көзқарас, дене қимыл, көз жанарының көзқарасы –
бәрі мәнді. 
БЕДЕЛ
Тәкаппарлық
Басшылдық 
Қашық
Сүйіспеншілік


42 
Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы 
танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар 
алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының 
қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының 
жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері 
кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен 
оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге 
бөлініп қарастырылады (16-сурет). 
 
 
Сурет-16. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері
 
Вербальды қарым-қатынас
 
– бір адамнан екінші адамға не болмаса бір 
топ адамдар арасындағы сөз арқылы
 
ақпараттармен алмасу процесі. Сөз 
адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-
қатынастың негізгі құралы.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының 
жұмысымен байланысты.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала 
санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер
орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, 
олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге 
бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет