Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет64/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 Педагогика 
– 
қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. 
Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері. 
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді 
жолын табу мақсатынан және өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие аға 
ұрпақ пен жас ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.
Қазіргі кезеңде педагогика ұғымына берілген анықтамаларды сараптасақ
педагогиканың міндеті 

адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау 
және жүйелеу болып табылады (36-сурет). 
Қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана 
емес, ол тәрбие туралы ғылым болып табылады.
 
Сурет-36. Педагогика ғылымының ерекшелігі 
 
1. «Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені 
меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық 
процесс» (Педагогика, Абай атындағы ҰПУ авторлар ұжымы). 
2. «Педагогика – әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым» 
(Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев). 
3. «Педагогика – білім беру әрекетін зерттейтін бірден бір ғылым» 
(В.В.Хуторский). 
4. «Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым» (Г.М.Афонина, 
И.П.Подласый). 
5. «Педагогика – балалар мен ересектерді оқыту, білім беру, тәрбиелеу 
туралы ғылым» (М.Е.Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко). 
6. «Педагогика – адамды оқыту мен тәрбиелеудің формалары, әдістері, 
заңдылықтары мен принциптерінің мәні туралы ғылым» (Л.В.Мардахаев). 
7. «Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту 
туралы ғылым» (А.М.Новиков). 
8. «Педагогика – теориялық ғылым, педагогикалық іс-әрекет, өнер» 
(И.Харламов). 
АДАМ-
АДАМ 
жүйесіндегі 
ғылым 
Тәлімгерді, 
тәрбиешіні 
мұғалімді 
даярлайтын 
ғылым 
П Е Д А Г О Г И К А 
Жас ұрпақты 
өмірге 
жетелейтін 
ғылым 
Әлеуметтік 
тәжірибені 
ұрпақтан-
ұрпаққа 
қалдыру 
қажеттілігінен 
туындаған 
ғылым 


72 
9. «Педагогика – тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке 
адам дамуының астарлы тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынан 
қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған 
қалыптасу 
процесін 
зерттейтін 
ғылым» 
(Ж.Ә.Әбиев, 
С.Б.Бабаев, 
А.М.Құдиярова). 
Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері педагогикалық процестің 
мәні мен мазмұнын және оның бағыт-бағдарын көрсетеді (37-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет