Дәріс 7.
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы
Жоспары:
1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы.
2. Зертеу пәні, мақсаты, болжамы, теориялық тұжырымдамасы.
3. Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты.
Педагогикалық зерттеу – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдерісі және нәтижесі, танымдық іс – әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері – мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу.
Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:
әдіснамалық – педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;
теориялық – бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондай – ақ болашақ пен оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;
эмпиристік – педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.
Зерттеу нысанын анықтау - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет.
Пән - оьектіден кесіп алцынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық...», «ғылыми негіздеме...» зерттеу пәні – онда сапалық қалыптасу, оның басқа, «тұлғалық тәжірибе қосу» т.б. зерттелген.
Зерттеу пәні – сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын анықтау, білгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі.
Зерттеу пәні - обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.
Зерттеудің мақсаты – педагогикалық құбылыстың себеп – салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу.
Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойыншда жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |