Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Жүзеге асырылуын талдау фазасы зерттеу фазасының техникалық
бөлігі болып табылады. Жұмыс практикалық бағалау мен жобаны іске
асыру мүмкіндігін алу мақсатында болжанған өнімді зерттеуден тұрады.
Сондай-ақ:
■
пайдаланушылық жүзеге асушылық — БӨ қолдану үшін
жеткілікті қолайлы болып табылады ма;
■
экономикалық жүзеге асушылық — қолданушының
көзқарасы тұрғысынан БӨ пайдаланудың тиімділігі, құны;
■
коммерциялық жүзеге асушылық — БӨ тартымды,
сұранысты пайдаланатын, қолдануда қарапайым, жеңіл
орнатылатын, қызмет көрсетуге бейімделген және т.б.
қарастырылады.
БӨ әзірлеу бойынша жұмыстың жүзеге асушылығына талдау
жүргізген соң көбінесе жиі тоқтатылады.