Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 3.3.1. Автоматтандырылған басқару жүйесінің бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етуінің құрылымы, оның функциялары мен әзірлеу қағидалары Бағдарламалық құралдар деректерді өңдеуді қамтамасыз етеді және
жалпы және қолданбалы БҚ және қамтамасыз етуді пайдалануға қажет
құжаттардан – БҚ қолданушылардың нұсқаулығынан тұрады. Жалпы
БҚ-ға ВТ пайдалану үшін сервисті көрсететін ОЖ, бағдарламалау
жүйесі мен техникалық қызмет көрсету бағдарламалары, іркіліс кезінде
қатені анықтау, бүлінген бағдарламалар мен деректерді қалпына
келтіруді жатқызады. Компьютерлік индустрияның дамуымен бірге
«бағдарламалық
платформа»
(software-платформа)
және
«бағдарламалық қамтамасыз ету» түсініктері енгізілген болатын. БҚ
орындалатын функцияларына қарай екі ірі топқа бөлуге болады: