Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
11 0 ҰЙЫМДЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 3.4.1. Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді өндіру және тұтыну Ақпарат басқарушы жұмысшылардың еңбегінің өнімі мен мәні
ретінде өзіндік құнға ие, ол деректерді жинау мен өңдеу жөніндегі
қызметті орындауға қажет, басқарушы персоналдың жұмыс уақытының
көлемімен анықталады. Ақпараттың пайдалылығы оның басқару
персоналының
қажеттілігін
қанағаттандыру
қабілеттілігімен
анықталады.
Қоғам дамуының заманауи деңгейінде материалдық өндіріс пен
басқару жүйесі саласындағы ғылыми-техникалық прогресс елеулі
қаржы, материалдық және басқа ресурстарды шоғырландыру мен
орталықтандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Осы мүмкіндіктер
индустриалды дамыған мемлекеттерде ұлтаралық бірлестіктер құру
түрінде іске асырылады (мысалы, Еуропалық одақ, бірқатар еуропалық
мемлекеттерді біріктіреді; еншілес фирмалар, әлемнің көптеген
мемлекеттеріндегі ірі концерндердің филиалдары мен кәсіпорындары
және т.т.).