Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Орталықтандырудың артықшылығы ірі ресурстар шешімдерін іске
асыруға жіберу мүмкіндігі болып табылады, ол ірі капитал салымдарын
талап ететін күрделі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Орталықтандырылған жүйеде бірыңғай мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған қосымша жүйелердің үйлестірілген, келісілген қызметті
қамтамасыз ету салыстырмалы жеңіл. Жүйенің жекелеген
бөлімдеріндегі
шығындар
оның
басқа
бөліктерінің
жұмыс
нәтижелерімен өтеледі. Көп деңгейлі орталықтандырылған жүйе
функциялар мен ресурстарды шұғыл қайта бөлу есебі арқылы үлкен
жасампаздық қабілетіне ие болады.
Сонымен бірге, жүйелерде үлкен өлшемділікті орталықтандырудың
өз кемшіліктрі бар. Көп деңгейлілік және осыған байланысты, бір
деңгейден екінші деңгейге ақпаратты көп рет беру, жағдайды
бағалаудың және басқарушылық шешімдерді іске асырудың жеделдігін
төмендететін кідірісті тудырады, ақпаратты беру процесінде, солай
аралық деңгейлерде оны өңдеу кезінде де бұрмалауға әкеліп соғады.
Бірқатар жағдайларда қосымша жүйелердің дербестікке тырысуы
орталықтандыру
принциптеріне
қарама-қайшы.
Көпдеңгейлі
3.4.