Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
17 3 «Вектор» жүйесі Inmarsat С және СНС GPS-NAVSTAR
стандартында Inmarsat жабдығын пайдаланады. Жабдық жиынтығы
автомобильге
монтаждалады,
ал
мамандандырылған
БЖ
диспетчерлік пунктке орнатылады, ол ЖҚ тәулік бойы байланысты
қамтамасыз етеді және 25-тен 80 м дейін дәлдігімен оның
орналасқан жерін анықтайды. Диспетчерлік орталық Inmarsat С (LES) жүйесінің шамамен
40 жердегі станцияларына қосылған, оның қызметіне серік арқылы
автомобильдің борттық жабдығына хабарламаларды тікелей беру
кіреді (хабарламаларды жеткізу уақыты 5 минуттан артық емес).
Диспетчерлік орталықта Inmarsat жердегі станциясына модем
арқылы (беру хаттамасы Х.25, Х.400, TCP/IP) ДК орнатылған
(минималды конфигурациясы — процессор Intel 486 төмен емес,
ЖЖҚ 16 Мбайт кем емес, CD-ROM).
Диспетчерлік
орталықтың
негізгі
БЖ
—
Simac
компаниясының Logiq Dispatch Interactive интерактивті басқаруға
арналған құралдары – ресей жағдайларына толық бейімделген.
Одан басқа, «Вектор» жүйесінің құрамына түрлі масштабты
карталар жиынтығы бар арнайы картографиялық модуль кіреді.
Logiq Dispatch бағдарламасы диспетчерге хабарламаларды алдын
ала белгіленген нысанда жіберуге және алуға және ЖҚ
координаттарын анықтауға, сондай-ақ жүктің ілеспе құжаттарына
5.7-сурет. Серіктік байланыс жүйесінің Thuraya ғарыш
аппаратының түрі