Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
EutelTracsжүйесі (GEO) 1992 жылы жүзеге асырылған болатын
және бүкіл дүниежүзі бойынша пайдаланатын мобильді
терминалдарының көптеген саны бар, соның ішінде Ресейде.
Жүйедегі
мобильді
терминалдың
Inmarsat
терминалының
өлшемдерінен 2-3 есе асатын өлшемдері бар, алайда ол жүк
автомобильдеріне орнатуға кедергі болмайды. Бүгінгі таңда жүйе
тек Омск бойлығына дейін істейді. «Глобалстар» жүйесі (LEO) дауысты және деректерді беруге,
хабарламалармен алмасуға, факс және ОЖА беруге арналған
мобильді және стационарлық серіктік байланыс қызметтерін
ұсынады. Орбиталық топтамаға дөңгелек орбиталарда сегіз
жазықтықта 1414 км биіктікте орналастырылған 48 төмен
орбиталық (және сегіз резервті) ҒА кіреді. Әр ҒА жер бетінде
бірнеше мың километр диаметрімен қызмет көрсету аймағын
жасайтын, 16 сәулені қалыптастыратын, антенна кешені бар, оның
ішінде 1,25 МГц жайылу жолағының енімен кез келген CDMA