Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет22/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

1.2
.


28 
қабылдауға  қажет  ақпараттың  көлемін  анықтау  үшін  сапалық 
параметрлер пайдаланылады: 

басқару шешімдерінің немесе басқарудың сәйкес
міндеттерінің  күрделілігі;

нақты шешімді немесе міндетті іске асыру мерзімдері;

басқару шешімдерін немесе міндеттерін қабылдаудың
соңғы нәтижесінің нысаны мен түрі.
Ақпаратты  сандық  бағалаудың  міндеті,  оның  жеткіліктілігі  мен 
пайдалылығы 
жоспарында 
пайдаланушыны 
(БАЖ 
субъектін) 
ұйымдастыру 
технологиялық 
шешімдерді 
қабылдауда 
тиімді 
шешімдерді қабылдау үшін қажет  деректермен  қамтамасыз ету болып 
табылады.   
Әрі қарай ұйымдастырушылық өндірістік жүйелерде, мысалы АКК 
басқаруды  автоматтандыруға  жататын  үш  белсенді  функцияларының 
қысқаша сипаттамасы беріледі.  
Бірінші  функция  –  жоспарлау  –  қызмет  бағдарламасын 
пайдалануды және берілген уақыт бөлігінде оны пайдаланудың тиімді 
экономикалық  тәсілін  таңдауды  қамтамасыз  етеді.  АКК  АБЖ  тиімді 
жоспарлаудың  міндеті  әрбір  жоспарлау  мерзімінің,  мысалы  сменді-
тәуліктің  тапсырмаларды  құру  кезінің  басында  басқарудың  қосымша 
жүйесімен  шешіледі.  Бұл  жағдайда  АБЖ-н  басқару  үзіліссіз  процес 
бола тұра жеткізудің өндірістік кезеңі сияқты жоспарлау да дискреттік 
сипат алады.     
Жоспарлы жұмысты тәжірибелік іске асыру басқару органына кері 
байланыс  жолы  бойынша  түсетін  және  уақыттың  әрбір  бөлігінде 
жеткізу  процесінің  жолы  мен  жағдайын  сипаттайтын  ағымды  ақпарат 
ағынын  тудырады.  Іске  асыру  кезінде  жүйеде  тұрақты  түрде 
қозғалыстар  пайда  болады,  олардың  нақты  реттеуіші  болмаған 
жағдайда қозғалыстар жүйені алдына қойылған мақсатынан тайдыруға 
немесе өндірістік процесті мүлдем тоқтатуға алып келеді.     
Автокөліктің  процестің  ағымы  кезінде  пайда  болатын  жағдайлар 
жоспарлы  кезең  кезінде  өте  қозғалмалы.  ӨЖ  ағымды  техникалық 
жағдайына  немесе  тиеу-түсіру  құралдарына,  сонымен  қатар,  ауысым-
тәуліктік  тапсырмаларды  құру  процесінде  есептелмеген    әр  түрлі 
сыртқы  факторларға  байланысты  жаңылу  жағдайлары  болған  кезде 
басқару  буындары  тұрақты  түрде  шешімдер  қабылдап,  орындаушыға 
жеткізу  қажет.  Сол  себепті,  жеткізуді  іске  асыру  кезінде  басқару 
органына тұрақты түрде нақты уақыттаны ақпарат қажет. 
Кез  келген  басқарушылық  ықпалды  іске  асыру  үшін  берілген 
бағыттағы  ақпараттың  белгіленген  ағынын,қарқындылығын  және 
сапалы мазмұнына ұйымдастыру және тексеру қажет.  Деректердің үш 
ағынын негізгі деп есептеуге болады: 
■ осы сәтте өндірісте бар ресурстардың көлемі туралы дерек –


29 
тасымалдауды іске асырудың ішкі жағдайлары туралы кері 
байланыс  каналындағы  ақпарат  (ЖС,  жүргізушілер, 
жұмысшылар,  жабдықтар,  қосмша  бөілктер  және  жанар-
жағар май материалдары (ЖЖМ), ақша көлемінің және т.б. 
саны және құрамы туралы мәлімет); 

жүйенің  сыртқы  ақпараттық  жүесіндегі  ақпарат,  оған
тасымалдаудың  көлемін,  мерзімін  және  басқа  да
директивті-жоспарлы 
тапсырмалары 
бар 
басқару
командаларының  ағыны  және  тасымалдаудың  сыртқы
жағдайларын сипаттайтын ақпараттар ағыны кіреді;

жүйенің біркелкі элементтерінің (ресурстық шығындардың
салыстырмалы  нормативтері)  өзара  сандық  және  сапалық
қатынастары туралы ақпарат
.
Көлікті  басқарудың  екінші  белсенді  функциясы  –  бақылау.  Бұл 
функцияны іске асырудың басты мақсаты – маршрут барысында АКК-
тен, ЖС бортынан және бақылау пункттерінен (БП)  нақты уақыттың 
көлемінде  түсуі  қажет  ағымды  ақпаратты  өңдеу  негізінде  тасымалдау 
процестер жағдайының жоспарлы және нақты жағдайының сәйкестігін 
анықтау.  
Бұл  цункцияны  іске  асыру  кезінде  ақпарат  уақытылы  және  дұрыс 
болуы  қажет,  себебі  оның  негізінде  еңбек  және  материалдық 
ресурстарды  барынша  толық  пайдалану  бойынша  басқару  шешімдері 
қабылданады.  Бақылау  функциясы  үзіліссіз,  барлық  жоспарлау 
мерзімінің  бойынша  параметрлерді  тіркеудің  ең  аз  интервалында  іске 
асу қажет. Автокөліктік процесті барынша тиімді және нақты бақылау 
жаңа  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  кеңінен 
пайдалану арқылы орындалады. 
Басқарудың  үшінші  функциясы-  реттеу  –  ЖС  маршрутқа 
шығарудың  технологиялық  процестерінің  жағдайы  туралы  ағымды 
және  жоспарлы  ақпаратты  салыстыру  және  тасымалдауды  орындау 
негізінде  қозғалыстардың  қалдықтарын  жоюға  және  берілген 
оптималды режимде процестерді тұрақты қолдауға бағытталған жедел 
шешімдер қабылданудан тұрады.     
Басқарудың  екі  функциясын  орындау  нәтижесінде  реттеу 
процесінің  нормативік  сипаттамасының  қажетті  деңгейі  және  шығу 
көрсеткіштері  беріледі.  Жедел  кірісу  жолымен,  кемшіліктер  жойыла 
отырып,  бұл деңгей тұрақты  қолданады, бірақ ішкі мүмкіндіктері  мен 
жүйенің  орындалуының  сыртқы  жағдайларын  есепке  алу  арқылы 
тұрақты  түзету  арқылы  іске  асады  (1.4  сурет).  Бұл  жағдайда  көліктің 
жұмысын  басқару  жоспарлау,  бақылау  және  реттеу  ретінде  қаралады, 
бұл  ретте  адамдар  арасында  қатынастарды  ұйымдастыру,  тәрбиелік 


30 
функция, басқарудың социаологиялық және психологиялық аспектілері 
есепке алынбайды.     
Өздік  өндіріс  пен  тасымалдау  процесін  жедел  бақылау,  есептеу, 
сараптау және реттеу процесінде ресумдердің нақты жүйелілігі қажет: 
ағымды  ақпаратты  жинау  және  оны  басқару  объектісіне  реттеу 
ықпалын  одан  әрі  жеткізуге  шешімдер  қабылдау  үшін  басқару 
органына жеткізу (1.5 сурет).  
 Реттеу функциясы келесі кезекпен орындалады: 
1.4-сурет.  Шешімдер  қабылдау  процесінде  реттеу  әсерін  тұжырымдау 
процесінің көрінісі   

басқарушылық шешімдерді қабылдау;

басқару  органмен  қабылданған  шешімді  орындаушыға
жеткізу;

шешімді орындау;

орындаудың дұрыстығын тексеру.
Ол үшін мынаны есептеу қажет: 

ақпарат  ағынының  қарқындылығы,  жеделдігі  және
дұрыстығы;

қажетті  және  қажет  емес  ақпаратты  осы  уақытта  өңдеу,
реттеу, топтау және бөлу технологиялары;

ТС  шығару  және  тасымалдауды  орындау  процесінің
қозғалысы  туралы  қорытынды  нәтижелері,  яғни  берілген
режимде процестердің тұрақтылығы және одан әрі дамуды
жоспарлау мүмкіндіктері;

Техникалық  және  тасымалдау  процестерінің  нақты,
норматвиті және жоспарлы салыстыру нәтижелері;


31 

тасымалдау 
процестерінің
жоспарлы 
режимінен 
ауытқулардың маңыздылығын бағалау;

процестрдің  теңдігін  қамтамасыз  ету  үшін  реттеуші  әсер
ету бағыты мен сипатын анықтау.
Бұл  жағдайда  деректерді  ақпаратқа  айналдыру  мақсат  емес, 
оңтайлы  реттеуді  іске  асырудың  қажетті  алғышарты.  Осы  тұста 
қозғалыс темпы, ақпараттың толықтығы, өңдеу жылдамдығы, жүйедегі 
сақтау  ұзақтығы  және  т.б.  мәселелер  шешілу  қажет.  АКК  ақпарат 
жинау  жүйесі,  төменгі  деңгейдегі  органның  ақпаратын  жоғары 
деңгейдегі  басқару  органы  пайдаланатынын  ескере  отырып 
оңтайландырылу қажет.    
Бақылау мен реттеудің әрбір элементінің ерекшілігі, шектеулердің 
әртүрлілігін есептеу, әр түрлі мақсатты құрылымдар – осының барлығы 
алгоритмдердің  әртүрлілігін  және  әр  түрлі  функционалды  қосымша 
жүйелерде  және  басқару  жүйелерінің  деңгейлеріндегі  бөлек  арнайы 
міндеттерді шешу әдістерді шарттайды.   
Әр  түрлі  қосымша  жүйелерде  әр  түрлі  анықталған  (кездейсоқ 
факторларды  ескермей)  және  стохастикалық  (кездейсоқтықтың 
элементтерін есепке алған) реттеу әдістерінің меншіктік салмағы әр 
түрлі болып шығады. 
1.5-сурет. Пайдаланушылардың автокөлік процесін басқарудың 
әртүрлі деңгейлеріндегі рөлі мен функцияларын анықтау   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет