Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
32 АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ АЙРЫҚША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық қор, ақпараттық база,
ақпарат жүйесі – АҚ болып табылатын терминдердің толық тізімі емес.
Зерттеу объектісінің күрделілігі, қаралатын проблеманың көп
аспектілігі, мұның бәрі осы уақытта «ақпараттық жүйе» ұғымының
бірізді және көпшілік мойындаған анықтаманың жоқтығы болып
табылады. Бұл ұғымның көптеген түсіндірмелері пайдаланылатын
әдістер және АЖ құру құралдары құрылымынан, оның құрамы мен
құрылымынан, іске асырылу жағдайларынан құрылған. ААБТ
саласында теориялық және тәжірибелік зерттемелерге арналған
жұмыстардың сараптамасы АЖ басқарудағы негізі мен тағайындалуын
анықтаудың екі бағытын бөліп алуға мүмкіндік береді:
■
ақпараттық жүйе
— ақпаратты жинаудың, тіркеудің,
таратудың және өзгертудің құралдары мен әдістерінің
жинағы;
■
ақпараттық жүйе — өндірістік объектілердің басқару
жүйесін жетілдіру, басқару процестерін оңтайландыру,
шешімдердің тиімді қабылдау мақсатында пайдаланушыға
қажетті ақпаратты жинауға, таратуға, өңдеуге және беруге
мүмкіндік беретін әдістер мен құралдардың жинағы.
Бірінші ұғым АЖ деректерді өңдеу жүйесімен теңдестіру әдісін
көрсетеді. Бұл жағдайда бірінші орынға деректерді жинау және тіркеу
техникасын жетілдіру, оларды өзгерту жылдамдығын күшейту және
соңғы нәтиже алу жұмыстары шығады, яғни деректерді өңдеу жүйесін
техникалық қамтамасыз етуді, технологиялық процес және оларды
өзгерту процедуралары жетілдіріледі.
АЖ ұғымының екінші ұғымы ұйымдастырушылық техникалық
қосымша жүйені сипаттап, жинау және өңдеу нәтижесінде уақытылы
ақпарат беру жағдайында пайдаланушылардыңақпараттық