Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
23 6 1970-80 жылдары ЭЕМ математикалық есептеуіш ретінде тікелей
мақсаты бойынша пайдаланылған жағдайда, кеңінен таралған матрица,
ауқым түрінде ұсынылған деректер (басқаша айтқанда, желілік
құрылымдар түрінде) пайдаланылды. Реляциялық АКБЖ сақтау орнын
кесте түрінде іске асыру мүмкіндігін берді. Қазіргі уақытта
мультимедиялық қосымша деректер ұйымдастырудың жаңа деңгейін
ұсынады. Күрделі, көптеген тізбектермен түптелген құжаттарды сақтау
қажеттігі туындайды. АКБЖ маңызды рөлі бар деректердің
реляциялық үлгісі – бұл ДБ сауалдарды өңдеу жылдамдығына, ірі
жобалар әзірлеу мерзімдеріне қойылатын заманауи талаптарды
толықтай қанағаттандырмайды.
Компьютерлік технологиялар тікелей және кері өзгерістерге аз
шығындармен шынайы өмір нысанын виртуалдық әлемге «сол
қалпында» көшіруге ұмтылысы анық байқалатын эволюция жолына
шықты. Объектілік АКБЖ – нысандардың осындай жазбаларын ДБ
қамтамасыз ететін құрал.
Заманауи ақпараттық бизнестің маңызды міндеттерінің бірі –
құжаттардың мұрағатқа қолжетімділігімен виртуалдық кәсіпорынды,
бизнес-процесстерді басқару, шешімдер қабылдауды қолдау үшін
барабар ақпарат алу, жоспарлау, сыртқы әлеммен байланыс
мониторингін қамтитын АЖ құру. Міндетті жағдай жұмыскердің ол
жұмыс орнында ма, үйде ме, іссапарда ма, оған қарамай, виртуалдық
кәсіпорынның ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету болып
табылады. Мұндай жүйенің әкімшілендірудің қарапайым, сонымен
бірге тиімді құралдары болуы тиіс.
Автоматтандырудың алғашқы міндеттерін шешу үшін кәсіпорын
жұмысының нақтылығы туралы шағын арнайы білімі болуы барынша
маңызды. Бұл міндеттерді шешуде АБЖ жергілікті қызметтері жағына
сөзсіз басымдық беріледі. Алайда автоматтандыруды дұрыс орындау
үшін автоматтандырудың жаһандық процестерін сырттан басқару
қажет бола түсуде.
КАЖ үстірт қарағанның өзінде оның өзегі және өзекке тәуелді
нысандардың ақпараттық құрылымының (өз кезегінде басқарудың
жергілікті АЖ біріктірілген) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көптеген
бағдарламалық шешімдер түрінде орташа деңгей туралы, сондай-ақ
кәсіпорын мониторингінің сыртқы кіші жүйелері туралы айтуға
болады.
Бір жағынан КАЖ өзегі - бастапқы деректердің белгілі бір
жағдайда құрылымдалған ақпаратқа өзгеру, оны мониторингтің түрлі
жүйелерінде жан-жақты талдау, ақыр соңында, оны корпоративтік
ШҚҚЖ пайдалану тетіктерінің жиынтығы. Екінші жағынан КАЖ – бұл
түрлі ақпараттар мен метадеректерді құрылымдап сақтау үшін
кестелер, сыныптар және басқа да түрлі-түрлі нысандардың белгілі бір
көп деңгейлі жиынтығы.