Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
23 7 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН СИПАТТАМАЛАРДЫҢ БАЗАЛЫҚ ЖИЫНЫ АЖ енгізу үшін ұйым құрылымы стихиялық туындамай,
жобаланғаны талап етіледі. Егер кәсіпорын автономдық жұмыс
тобынан тұрса, онда бұл топтарда ішкі байланыстар олар барлық
қызметкерлерге
түсінікті
болатындай
қалыптастырылуы
тиіс.
Орталықсыздандырудан тежеп, бөлімшелердің автономиясын сақтауға
жәрдемдесетін барынша жоғары деңгейдегі басқару жүйесі құрылуы
тиіс.
Басқару және өндірістік міндеттер арасында айырма болмайтындай
лауазымдық өзара байланыс жобалау үшін әрқайсысының АЖ
қолжетімділігі болуы тиіс.
Ноу-хау, жалпы ДБ және жалпы әдістеменің негізгі бөлігін
қамтитын модульдер жалпы сәулет болған кезде ғана үйлесімді болуы
мүмкін. Ақпараттық сәулетке шындығында ақпараттан басқа, ұйым
жасаған оның қызметкерлерінің деректерге қолжетімділік жоспары
және электрондық айналымда тиісті мінез-құлық кодексі сияқты өзге
де құжаттар кіреді.
Арнайы жобаланған құрылым адам мен машинаның өзара
байланысының тәсілдерін де белгілеуі тиіс. Ол жабдықталған жұмыс
орнының көмегімен адам автоматты түрде әрекет етіп, егер қажет
болған жағдайда, заңгерлік міндеттеме қоятын келісім жасасу үшін
тапсырыс берушілермен электрондық коммуникацияны қалай
ұйымдастыру тиіс екенін айтады.
Табысты фирманың соңғы мақсаты – әр қызметкерді тапсырыс
берушінің барлық талаптарына ден қоюға қабілетті дербес жұмыс істей
алатын маман ету. Сол кезде фирманың бәсекеге қабілетті
артықшылығы тапсырыс берушінің сұраныстарын орындау үшін
ақпаратты пайдалануда оның қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің
жоғарылығына тәуелді болады.
АЖ құрылымы жабдықтардың техникалық параметрлерін
оңтайландыруға емес, адамның өз білімі мен іскерлігін барынша
пайдалануына мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс. Мұндай құрылым
кері байланыстың болуының арқасында қызметкерлердің жеке
бастамасын ынталандырады, жергілікті де, қашықтағы ДБ-ға жылдам
қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Одан әрі АБЖ ТК сияқты ұғымға тоқталып өткен жөн.