ТК каскадты моделі саты, кезеңдер уақытында алдын ала
шектелген және бір мәнді ретке келтірілген, олардың табиғи
шекараларында жүзеге асырылатын қызметтің (пайдаланушының
сұраныстарын
белгілеу;
талаптарды
айқындау;
жобалау
(конструкциялау); дайындау; сынақтан өткізу; түзету; жеткізу немесе
пайдалану) әр түрін бір реттік орындау қағидатын іске асырады.
БҚ (немесе оның компонентін) әзірлеуге мұндай тәсіл кезінде
әзірлеме процесінің жұмыстары мен міндеттері әдетте дәйекті
орындалады. Алайда олар дәйекті жұмыстарды арттырғанда, ішінара
қатар орындалады.
БҚ конфигурациясының бірнеше элементтері бір уақытта
әзірленгенде, әзірлеме процесінің жұмыстары мен міндеттері БҚ
конфигурациясының барлық элементтері үшін қатар орындалуы
мүмкін. Сүйемелдеу мен пайдалану процестері әдетте әзірлеу
процесінен кейін іске асырылады. Тапсырыс пен жеткізудің процестері,
сондай-ақ қосалқы және ұйымдастыру процестері әдетте әзірлеме
процесімен қатар орындалады.
Өнімді жоспарлы жетілдіру аталатын ТК инкрементті моделі талаптар жиынын беруден басталады және барынша қорытынды
жүйеге жақын қалған нұсқалар дәйектілігінің әзірлемесін іске асырады.
Бірінші нұсқа талаптардың бөлігін іске асырады, кейіннен жүйені құру
аяқталмайынша, қосымша талаптарды қоса береді. Әр нұсқа үшін
қажетті процестер, жұмыстар мен міндеттер орындалады. Мысалы,
талаптарды талдау мен сәулет құру бір уақытта орындалуы мүмкін, сол
уақытта БҚ алгоритмін әзірлеу және жаңғырту, физикалық
бағдарламалау және тестілеу процесі әр келесі нұсқаны құрған кезде
іске асырылады.
Әзірлеме процесінің жұмыстары мен міндеттері әдетте БҚ барлық
нұсқалары үшін бірнеше рет сол дәйектілікте орындалады. Сүйемелдеу
мен пайдалану процестері әзірлеу процесімен қатар іске асырылуы
мүмкін. Тапсырыс және жеткізу, сондай-ақ қосалқы және ұйымдастыру
процестері әдетте әзірлеме процесімен қатар орындалады.