Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Техникалық жоба (ТЖ) әзірлеу сатысында жүйені қосымша
зерттеу- жекелеген міндеттер бойынша егжей-тегжейлі талдау
жүргізіледі. Қолданыстағы ақпараттық ағындар мен жүйеде шешімдер
қабылдау әдістері зерделенеді. Бұл жұмысты жүйелерді талдау және
жобалау бойынша мамандар орындайды. Жүргізілген талдау негізінде
олар экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілер, ақпаратты
өңдеу және беру құралдарын қолдану мүмкіндігін қарайды, жүйені
қалыптастырудың ауқымды нұсқаларын ұсынады, шешуі үшін
ғылыми-зерттеу жұмысы талап етілетін мәселелерді анықтайды.
Қолданыстағы жүйені талдауды аяқтаған мамандар кезең-кезеңмен
функционалдық кіші жүйелерді техникалық жобалауды орындайды,
ақпараттық базис құрамын қалыптастырады, жаңа кіріс және шығыс