Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Технологтың автоматтандырылған жұмыс орны нормативтік-
анықтамалық ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, берілген
тапсырма бойынша көлік құралдарының жұмысын талдау, даулы
мәселелерді шешуге арналған. Осыған байланысты технологтың АЖО
мына функцияларды орындауды қамтамасыз етеді:
■
басқарудың жедел басқару циклін технологиялық дайындау
(тиеу объектілері мен жүктерді түсіру объектілерінің арнайы
қабатын қалыптастыру және түзету);
■
берілген тапсырмалар бойынша көлік құралдары жұмысын
талдау және даулы жағдайларды шешу:
штаттық емес жағдай журналдарын қарау; кесте және
графикалық өндірілу нысанын жинауды қалыптастыру;
■
ДБ мамандандырылған анықтамаларын қалыптастыру және
жүргізу (ауысым-тәуліктік тапсырмаларды қалыптастыру,
тасымал процесін бақылау және басқару, орындалған көліктік
жұмысты есепке алу үшін қажетті НАА енгізу және түзету)
ААА құрамы мына анықтамаларды қамтиды:
■
«көлік моделі» —көлік моделі бойынша әмбебап анықтама;
■
«көлік құралы» — жүйеде жұмыс істейтін кәсіпорынның ЖҚ
бойынша анықтама;
■
«жүргізушілер» — жүргізушілер бойынша әмбебап анықтама;
■
«радиостанциялар тізімі» — жүйеге қосылған мобильдік
жабдық бойынша анықтама;
■
«радиостанциялардың байластыру» —нақты КБ жүйенің
мобильдік жабдығын бекіту бойынша анықтама (екі
анықтаманы біріктіру негізінде: «Көлік құралдары» және
«Радиостанция тізімі») ;
■
«тиеу объектілері»;
■
«түсіру объектілері» және т.б.
Есепке алу нәтижелері машиналы түрде « С: Автокөлік», жол парағы
жабылған кезде С жүйесіне өңдеу үшін беріледі.