Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Ақпарат беру жабдығы - M2M-Cyber GLX, GPS/GPRS абоненттік
терминалдар M2M-Cyber GX терминалдар – диспетчерлік пункттермен
дауыс және мәтіндік хабарламамен навигациялық және телематикалық
ақпаратты тұрақты алмасу үшін пайдаланушының көлік құралдарына
орнатылған жабдық.
АТ-ның қабылдау беретін тораптары пайдаланатын байланыс
желілеріне (серіктік, ұялы және т.б.) қарай әртүрлі болуы мүмкін. Жүйенің
жұмыс істеуі үшін көлік құралына қандай жабдықтың орнатылғанының
мәні жоқ. Себебі жүйе мониторинг объектілері мен телематикалық
серверлер арасындағы алмасудың кез келген хаттамасын қолдайды.
Навигациялық жабдық ретінде АТ-ға жоғары нақтылықпен орналасқан
орны мен навигациялық параметрлерді (жылдамдық, қозғалыс бағыты,
теңіз деңгейінің биіктігі) айқындауға мүмкіндік беретін ГЛОНАСС/GPS
жаһандық навигация жүйесінің қабылдауыштары пайдаланылады.
Қазіргі уақытта АДБЖ жүйесінде АТ ретінде ГЛОНАСС/GPS/GPRS
терминалдары M2M-Cyber GX терминалдары пайдаланылады.