Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
деректерді өңдеу жүйелерінен (ДӨЖ) байланыс арналары бойынша
жиналған ақпаратты қолданады. ДӨЖ деректер жиналады, сақталады
және белгіленген мерзімге жеткенде түсіріледі, бұл ретте әртүрлі ДӨЖ
деректері бір-бірімен келісілуі мүмкін емес, олар туралы ақпарат әртүрлі
құрылымдалуы мүмкін, оның нақтылығы дәрежесін анықтау біршама
күрделі болады. Алдын ала өңдеусіз ДӨЖ алынған мұрағат деректерін
ДҚ пайдалану дұрыс емес.
Деректерді бірлесіп қолдану үшін метадеректердің бірыңғай
анықтамалығы негізінде әртүрлі ДӨЖ кіріктірілуі жүзеге асырылады,
яғни әрбір жаңа сұраныс бойынша әртүрлі ДӨЖ деректерді серпінді
түсіру, оларды келісу, агрегациялау мен қолданушыға трансформациялау
болжанады.
Метадеректер — ақпараттың құрылымы, орналастырылуы және
трансформациялануы туралы ақпаратты екі класқа бөлуге болады:
■
техникалық — ДҚ деректерді жүктеу және оларды
пайдалану статистикасынан, деректер моделін, дереккөздері
мен реципенденттері құрылымын, сондай-ақ қосымшалар
метадеректерін сипаттаудан тұрады;
■