Logiq Dispatch жүйесі алыс жүк тасымалдауды
диспетчерлендіруге арналған және автомобильдерге орнатылатын Inmarsat С СБЖ терминалдарының негізінде жүзеге асырылады.
ПРИН фирмасының ерекше әзірлемесі — «ПРИН ИДС» БЖ
қысқа мерзімде кішкене көлік паркін көп функционалды қадағалау
және жедел бақылау жүйесін жаюға мүмкіндік береді. «Магеллан-М» жүйесінде («Транснетсервис» фирмасы)
БЖ модульдік принцип бойынша әзірленген және аппаратураның
қолданылатын түрлеріне, байланыс жүйелеріне жеңіл бейімделуі,
тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына (ТТ) сәйкес
міндеттер құрамын өзгертуі мүмкін. Диспетчерлік жүйелерде
борттық
аппаратура
ретінде
KENWOOD
фирмасының
навигациялық және байланыс аппаратурасын қолдану ұсынылады:
алты арналы навигациялық қабылдағыш және радио модем және
автомобиль радиостанциялары кіретін GPS Моdem модулі. Онда
ақпаратты бөгеуілге тұрақты кодтау және ақпаратты ықшамдау,
борттық датчиктерді және орындаушылық құрылғыларды қосу
мүмкіндігі, ЖҚ топтық кодтау, топта ақпаратты берудің синхронды
режимі сияқты функциялар жүзеге асырылған.
GPS
Modem
модулі
KENWOOD
фирмасының
радиостанцияларымен Conventional Radio режимінде, сондай-ақ
транкинг жүйелерінде (LTR и MPT1327) жұмыс істеуге
бейімделген.
Алайда
олар
басқа
фирмалардың
радиостанцияларында да пайдаланылуы мүмкін (функционалдық
мүмкіндіктерін кейбір төмендету арқылы).
«Термотех» фирмасымен әзірленген жүйенің негізі
осындай жүйелердің функцияларының барлық спектрін қолдайтын