17 6 навигациялық-байланыс контроллері болып табылады. Борттық
аппаратура тәулік бойы үздіксіз жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Навигациялық-байланыс контроллерінің құрамында СРНС GPS
және ГЛОНАСС навигациялық қабылдағыштары пайдаланылуы
мүмкін. Байланыстың автономды арналарымен (УҚТ, СиБи),
транкинг жүйелерімен, байланыстың ұялы және серіктік
арналарымен
жұмыс
істеу
мүмкіндігі
қарастырылады.
Контроллерге орталықтан командаларды көрсету үшін және
оператормен ақпараттық хабарламаларды енгізу үшін дисплейі
және пернетақтасы бар терминал қосылуы мүмкін. Диспетчерлік
орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуі электронды картадағы
ЖҚ орналасқан жерін көрсетуді, дауыс байланысына экипажды
шақыруды, жүйеде болып жатқан оқиғалар туралы барлық
ақпаратты қабылдауды және жазуды, көлік құралдарының
қозғалысының берілген маршруттарындағы ауытқулар туралы
операторға
сигнал
беруді,
дифференциалды
түзетулерді
қалыптастыруды жүргізеді.
«Юником» фирмасы стандартты УҚТ-радиостанциясына
(габаритті өлшемдері 1 дм
3
кем емес) қосылатын жеке
әзірлемесінің борттық навигациялық кешені негізіндегі «Юником- AVL» жүйесін ұсынады. Диспетчерлік орталықтың бағдарламалық
қамтамасыз етуі электронды картадағы ЖҚ орналасқан жерін (255
дейін) көрсетуге мүмкіндік береді. Борттық кешеннің габаритті
өлшемдері қолданылатын байланыс жабдығының габаритті
өлшемдеріне байланысты (0,5-тен 2...5 дм
3
дейін).
Орталық телеграф Мәскеу аумағында Racal және Sprint
фирмаларының технологиясының базасындағы РАДИОТЕЛ жалпы
пайдалануға арналған деректерді берудің радио пакеттік желісін
енгізді.
РАДИОТЕЛ желісінің құралдары бекітілген және мобильді
орталарда деректермен жылдам және сенімді алмасудың таратылған
жүйелерін құру бойынша кең мүмкіндіктері бар. Радио желі арқылы
борттық жабдық және орталық компьютердің арасындағы
деректермен алмасуға, орталық ДБ қатынау, апаттық қызметтермен
және қауіпсіздік қызметтерімен өзара әрекеттесу мүмкін.
РАДИОТЕЛ желісі қосылуды тез орнатуды қамтамасыз етеді
(шамамен 5 с), оның деректерді қорғаудың, қателерді түзетудің
құрылған механизмдері бар. Желі пакеттерінің коммутация
орталығы Х.25, Х.75, Х.3/Х.28/Х.29, SNA/SDLC хаттамаларын
қолдауды қамтамасыз етеді.
Байланыстың ұялы жүйелерін пайдалану борттық аппаратураның