Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
2 48 ескеруі тиіс. Өйткені, КАБЖ ақпаратты әзірлеу және сақтау ЭЕМ
жүзеге асырылады, бағдарламашылардың талабы елеулі деңгейде
алдыңғы бағдарламалау кезеңдеріндегі жазбалар нысаны мен
мазмұнын айқындайды.
Жұмысты нысандандырылған түрде жүргізген кезде олардың
елеулі бөлігі стандарттық бланкілерді толтыруға, қатаң айқындалған
қағидаға сәйкес диаграммалар мен кестелерді сызуға және нақты
белгіленген құжаттарды шығаруға ауысады.
Стандарттауды жүргізу басшылықтың тиімділігін және жұмыс
барысын бақылау тиімділігін, әзірлеушілердің түрлі тобы арасында
сенімді байланысты және барлық әзірлеушілерге бірдей қолжетімді
анықтамалық құжаттарды жинау, әзірлеме нәтижелерінің мамандар
құрамының, біліктілігі мен жеке ерекшеліктерінің ішінара ауысуына
тәуелділікті азайтуды, жұмыстың барлық кезеңдерінде қате жіберу мен
жұмыстан қалуды азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұмысты нысандандыру мен стандарттық әдістерді енгізу
әзірлеушілердің кей тобының, негізінен жүйе техниктері мен
бағдарламашылардың уақыт шығынын 40% қысқартады.
КАБЖ әзірлеу үшін негіз тиісті министрліктің, ведомствоның
немесе фирманың ЕТ енгізу жоспары болып табылады. Жоспарда
КАБЖ құратын кәсіпорын, осы жүйенің әзірлеушілері, жұмысты
орындау
мерзімдері,
қаржыландыру
көлемдері
мен
көздері
айқындалады.
КАБЖ әзірлеу үшін мамандандырылған ғылыми-зерттеу және
жобалау институттары немесе кәсіпорында тікелей құрылатын
мамандандырылған бөлімшелер тартылады. КАБЖ әзірлемесіне
КАБЖ енгізуші кәсіпорын басшыларының ішінен тағайындалған
жүйенің бас конструкторлары басшылық етеді. Егер әзірлемені
бірнеше ұйым жүргізсе, онда олардың ішінде бас ұйымды анықтау
қажет, оның міндетіне жүйе сәулетін әзірлеу, оның мақсатты
функциясы мен тиімділік критерийлері, АБЖ және түрлі дәрежедегі
кіші жүйелер мен бөлімшелер арасындағы функцияларды бөлу және
т.б. кіреді. Сонымен қатар, бас ұйымға әзірлемені басқарудың бірқатар
функциялары (үйлестіру жоспарларын дайындау, қатысушылар
арасында жұмыстарды бөлу, әзірлеу мен енгізудің кезеңділігін
айқындау) кіреді.
Бас ұйым дайындаған іс-шараларды тапсырыс беруші қарайды,
түзетеді және бекітеді. Әкімшілік ықпал қажетті жоспарларды
орындауға бақылауды басқарушы топ арқылы тікелей тапсырыс беруші
жүзеге асырады немесе бас ұйымға жүктелуі мүмкін. Соңғы жағдайда,
бұл ұйымға жоспардан тиісті жұмыс бөлімдерін бірлесіп
орындаушыларды енгізу, алып тастау, мерзімдерді өзгерту, қаржылық
және басқа да ресурстарды қайта бөлу және т.б. бойынша тиісті
өкілеттіктер беру табылады.