Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
44 мерзімін анықтау.
Бұл іс-әрекеттер тасымалдау процесін реттеу функциясына жатады.
АЖ барлық пайдаланушыларының ПАҚ құрамы осыған ұқсас
нақтыланады. Ақпараттық қажеттіліктерді анықтаудың мұндай
жолы басқарушылық қызметте қайталауды болдырмауға
мүмкіндік береді.
АЖ, оның ішінде автомобиль көлігінде жұмыс істейтін АЖ-
ның жұмыс істеу тиімділігін төмендететін ең тән кемшіліктері:
■
Әртүрлі
деңгей
пайдаланушылары
(мысалы,
кәсіпорынның
басқару
жұмыскерлері)
шешім
қабылдау үшін қажетті көлемнен көп ақпарат алады;
■
Нақты және агрегатталған ақпарат ұсыну мекенжайы
және мерзімі бойынша нақты регламенттелу жоқ;
■
Басқарудың барлық деңгейінің ПАҚ зерттелмеген
және айқындалмаған (оларға берілетін ақпарат
түрлері мен көлемі);
■
Пайдаланушылар жұмыс істейтін АЖ мүмкіндіктерін
нақты ұсынбайды және оларға қажетті ақпаратты
қалыптастырудың эвристикалық әдісін қолданады;
■
АЖ пайдаланушымен тиісінше байланыс жоқ.
Мультиұлттық
корпорацияларға
операциялар
мен
қызметті талдауды шынайы уақыт (on-line) режимінде өткізуге
мүмкіндік берген АТ саласындағы прогресс, бизнесті басқару
әдістемесін түсіну және қалыптастыруды және тиісті құрал
әзірлеуді қажет етті. Мысалы басқару практикасы және
теориясынан жеткізу тізімін басқаруға (Supply Chain Management
— SCM) немесе логистикалық тізімді басқаруға ауысу.
Басқарудың осы режимін қолдау сауда және холдинг
құрылымдарын автоматтандыруға арналған БҚЕ үшін міндетті
талап болды. Көптеген жағдайларда алыс қоймаларда жұмыс
орындарын автоматтандыруды, тапсырысты дистанционды
қалыптастыруды және жеткізу процесін мониторинглеуді
қамтамасыз ету үшін «жұқа» клиент технологиясын пайдаланады.
Бұл ретте SCM тұжырымдамасын іске асыру және тиісті АЖ
45 енгізу егер жеткізушілермен, дистрибьюторлармен және
логистикаға жұмыспен кететін шығындар өнімнің өз құнының
байқалатын үлесін құрса мақсатқа сай. Тасымалдауларды
автоматты ақпараттық қызметкөрсету облысындағы толық
шешімдер келесі бөлімдерде қаралатын болады
.