42
Осылайша басқарушылық процесі кезінде функционалдық
белгілері
бойынша
бір
біріне
ұқсамайтын
жекелеген
функционалды кіші жүйелер тығыз өзара жұмыс істеуге мәжбүр,
бір кіші жүйенің шығуы екіншісінің кіруі болып табылады, онда
нәтижесінде уақытта басқару процесінің бірлігі және үздіксіздігі
қамтамасыз етіледі.
Әрбір осындай кіші жүйе үшін басқару объектісін ескере
отырып сыртқы және ішкі өндірістік байланыстар, сыртқы кіру
және шығу орны, өз міндетері, жоспарлаудың, бақылаудың және
реттеудің өз әдістері тән. Осы функционалдық кіші жүйелердің
бастысы жеткізу процесін (жүктер мен жолаушыларды
тасымалдауды басқару) ұйымдастыру және техникалық қызмет
(АЖ ТҚК және ТЖ басқару) болып табылады.
Көрсетілген пайдаланушыларға арналған ақпараттың көп
бөлігі нақты мерзімде регламент бойынша берілуі тиіс. «Регла-
ментті ақпарат» дегеніміз пайдаланушы уақытта үйлесетін
басқарушылық шешім қабылдау үшін берген ақпарат.
Практикада мұндай ақпаратты беру деректерді өндеу және
пайдаланудың күнтізбелік кестесінде көзделеді. Регламентті
ақпарат тіркелген құжаттаманың типтік мазмұны болады және
нақты мерзімде құрылады. Машиналы құжат түрінде не ДБ
жолдарын толтыру арқылы пайдаланушыға берілетін
регламентті ақпаратты қалыптастыру кезінде оларды дайындау
мерзімін айқындау қиынға соқпайды (олар алдын ала өндіріс
шартымен айқындалған). Өндірістік процесте туындайтын
ауытқулар кезінде ақпарат ұсынудың уақытша параметрлерін
бөліп шығару қиын. Бұл жағдайда қызиметкердің дағдысы,
интуициясы және біліктілігі, олардың қажетті
ақпараттың қажетті
сандық және сапалық сипаттамаларын нақты айқындай алуы
үлкен мәнге ие болады.
Өндірістік жүйеде жиі туындайтын ауытқуларды жою үшін
басқарушылық шешім стандартты деп айқындалады және АЖ
стандартты шешімдері кітапханасында жиналуы мүмкін. Мұндай
шешімдерге жабдық істен шыққан кезде, жұмыс кестесі
бұзылған, БЖ шығару санын немесе мерзімін өзгерту қажеттілігі
кезіндегі пайдаланушының іс-әрекеті жатады.
Достарыңызбен бөлісу: