Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет8/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

10 
Кіріспе
 
ААӨБЖ  құру  тәжірибесі  пәндік  саладағы  маман  ғана,  орындалатын 
жұмыстың,  кіріс  және  шығыс  ақпараттық  ағындардың,  сондай-ақ 
өндірістік  қызметті  автоматтандыру  ерекшеліктерінің  сипатын  әбден 
толық және білікті беруі мүмкін деп көрсетеді. Пайдаланушының қатысуы 
міндеттерді  қоюмен  ғана  шектелмеуі  мүмкін,  ол  жүйеге  сынама 
пайдалануды 
жүргізуге 
тиіс. 
Компьютердің 
алдында 
отырып, 
пайдаланушы  міндеттерді  қою  кемшіліктерін  табуы,  қажет  болған  кезде, 
кіріс  және  шығыс  ақпаратты,  нәтижелерді  беру  нысандарын,  оларды 
құжаттар түрінде рәсімдеуді түзеуі мүмкін. Сынама пайдалануда қатысу — 
бұл  пайдаланушыны  компьютерде  жұмыс  істеуге  белсенді  үйрету, 
бағдарламалық  құралдармен  танысу  нысаны  ғана  емес,  бірақ  оның  жаңа 
жұмыс жағдайларына, технологияларға, бұдан әрі күрделіленген техникаға 
бейімделу үдерісі. 
Табиғи  ресурстардың  таусылуы  ғылыми  білімдерді  қолдануға 
негізделген  қайта  өңделетін  ресурстарды  пайдалануға  әкеліп  соқты. 
Ақпаратты  ресурс  ретінде  материалдармен,  энергиямен  және  капиталмен 
қатар  қарау  керек.  Ұлттық  ақпараттық  ресурстар  -  жаңа  экономикалық 
санат  пайда  болды.  Ақпараттық  сағындарды  өңдеу  мамандардың  тар 
санаттарының шеңберіне шықты, ЭЕМ дисплейінің қасына бағдарламашы 
емес адамдар отырды. Дербес компьютерлердің (ДК)  базасында ғылымды 
қажет  ететін  бұйымдардың  өндірісінде  пайдаланылатын  кәсіптік 
білімдерді алуға  шығындар өзіндік  құнының шамамен  70%,  ал ақпаратты 
өңдеу  саласында  қамтылғандардың  саны  —  индустриалды  дамыған 
елдердің экономикалық тұрғыда белсенді халықының 60...90% құрайды. 
Автомобиль  көлігінің  ролі  шынын  айтқанда,  жолаушылар  мен 
жүктерді  тасымалдау  жоспарында,  солай  жылжымалы  құрамның  өндіріс 
және  оны  жөндеу  бойынша  ілеспе  үдерістерінің  бүкіл  жиынтығында  өте 
жоғары. Қазіргі уақытта басқару объектілерінің сипатымен ерекшеленетін 
автоматталған 
және 
автоматтандырылған 
жүйелерді 
қолданумен 
байланысты,  басқарушылық  қызметті  автоматтандырудың  қос  бағыты 
қалыптасты.  Бірінші  жағдайда,  басқару  объектілері  технологиялық 
үдерістер және жеке алғанда,  жабдықтардың жұмысы болып табылады, ал 
адам басқару үдерісінде жанама, екіншіден – онда адамның ролі белгеуші 
болып  қалатын,  материалдық  өндіріс  және  қызмет  көрсету  саласында 
қамтылған адамдардың ұжымдары қатысады. 


11 
Тауар  қозғалысын  ұйымдастырудың  жеке  міндеттерін  шешу 
мәнмәтінінде  «логистика»  терминін  пайдаланып,  автомобиль  көлігінде 
ақпараттық-ұйымдастырушылық  жүйелерді  автоматтандырудың  кешендік 
проблемларын  қарау  үдерісінде  «АБЖ»  терминімен  оны  ауыстыру  керек. 
Тағы бір «телематика» термині кейбір кезде «АБЖ» терминін ауыстырады 
және  басқарудың  автонавигациялық    жүйелерін,  деректерді  беру 
жүйелерін  және  көлік  құралдары  мониторингінің  жүйелерін  сипаттау 
үшін, автомобиль көлігін пайдалану саласында қолданылады.   
АБЖ алғашқы әзірлемелерінде қағида түрінде жаңа әдістемелік болған 
жоқ,  ал  басқару  міндеттерін  шешудің  дәстүрлі  технологияларында 
операцияларды  орындаудың  еңбек  сыйымдылығы  қысқарту  үшін  үлкен 
арифмометр  ретінде  қымбат  тұратын  есептеу  техникасын  ғана 
пайдаланды.  Ұйымдастырушылық  басқарудың  автоматтандырылған 
жүйелерін  құру  кезінде  міндеттерді  қоюдың  төмен  деңгейі  байқалды. 
Бұның  себептерінің  бірі  —  басқару  бөлімдері  мен  қызметтерінің 
мамандарын  ақпарат  ағындарын  зерттеуге,  міндеттердің  экономикалық-
ұйымдастырушылық  мәнін  сипаттауға,  шығыс  ақпаратты  жобалауға 
жеткіліксіз  тарту.  Бұдан  басқа,    автоматтандырылған  режимінде  осы 
немесе өзге маманмен шешілген міндеттердің кешендерінің бәрі өңделген 
жоқ,  сондықтан,  жиі  пайдаланушыда  жаңа  технологияларды  енгізуде 
белсенді қатысу тілегі туындаған жоқ.   
Пайдаланушының  ААӨБЖ  құруда  қатысуы  келешекте  міндеттерді 
жедел және сапалы шешуді, солай жаңа технологияларды енгізуге уақытты 
қысқартуды  қамтамасыз  етуге  тиіс.    Бұл  ретте,  пайдаланушыны  белсенді 
үйрету болады, оның қоюшы және әзірлеуші ретінде біліктілігінің деңгейі 
артады. Пайдаланушыға жаңа технологиялық ортада барлық қажет жұмыс 
істеу дағдылары ААӨБЖ тәжірибелі пайдалану және келешек жұмыс істеу 
процесінде  жетілдіреледі  және  бекітіледі.  Бірақ,  ол  үшін  пайдаланушы 
объектіге  зерттеу  жүргізу  әдісімен,  оның  нәтижелерін  жалпылау 
тәртібімен  ертеден  таныс  болуға  тиіс.  Бұл  оған  автоматтандырылған 
өңдеуге  жататын  міндеттер  мен  функцияларды  белгілеуге  және  айыруға, 
оларды білікті істеуге көмектеседі. 
Міндеттерді қою — бұл оның мәні, нәтиже алу үшін ақпаратты өзгерту 
логикасы  туралы  толық  түсінік  беретін  белгілі  ережелер  бойынша 
міндеттерді  сипаттайды.  Міндеттерді  қою  негізінде,  бағдарламашы  оны 
шешу  логикасын  ұсынуға  және  оны  іске  асыру  үшін  жарамды 
бағдарламалық құралдарды ұсынуға тиіс. 
Міндетті  оның  мазмұнын  жазуды  регламентациялау  жолымен  қою 
арқылы    «пайдаланушы  —  қолданбалы  бағдарламашы»  өзара  әрекет  ету 
қиындықтары  жойылады,  ол  бұны  ең  қиысынды  және  жүйелі  қылады. 
Міндетті қою үшін, оның логикалық және ақпараттық мінін толық білдіру 


12 
үшін  қажет  және  жеткілікті  мәліметтер  пайдаланылады.  Мұндай 
мәліметтер  ескі  технологиялар  жағдайларында  міндетті  шешуді  жүзеге 
асыратын  тиісті  қызметтің  қызметкерінде  болады        (қолмен  немесе 
компьютерлік техниканы пайдаланумен өңдеу). 
Міндетті  қою  пайдаланушыдан  ол  үшін  қою  істелетін  сол  пәндік 
салада кәсіптік білімдерін ғана емес, бірақ және компьютерлік  ақпараттық 
технонологияларды талап етеді. 
Пайдаланушы,  әдетте,  өз  функциялары  бойынша  оның  белгілі  қызмет 
түрлеріне  (бухгалтерлік,  қаржылық,  жоспарлық  ж.т.б.)  бағдарланған 
қажеттілігін  қанағаттандыратын  дайын  бағдарламалық  пакеттерді  сатып 
алады  және қолданады.  Мұндай бағыт  қазіргі  уақытта  пайдаланушыларға 
қызмет  көрсетуді  автоматтандыру  және  информатизациялау  саласында 
жетекші болып табылады. Жиі ол түнұсқалы қолданбалы бағдарламаларды 
әзірлеумен  толықтырылады.    Бірақ,  кез  келген  жағдайда  міндетті  қою 
қажет. 
Міндетті  қоюды  сипаттау  кезінде,  олар  кіріс  және  шығыс  ақпараттың 
көлемдерін  (уақыт  бірлігінде  өңделетін  құжаттардың,  жолдардың, 
белгілердің санын), ақпарат түсуінің, өңделуінің және берілуінің уақытша 
ерекшеліктерін  көрсететін,  оның  көлемдік-уақытша  сипаттамаларына 
назар аударылады.    
Міндетті  қоюды  сипаттау  процесінде  барлық  ақпараттық  бірліктері 
және  олардың  жиынтықтары  аттарының  дәлдігі  мен  толықтығын  тексеру 
маңызды  болып  табылады.  Құжаттарда  көрсеткіштердің  атауларын 
(жолдары  мен  бағандарының  атауларын)  қабылдау  үшін,    әдеттегіден 
басқа  автоматтандырылған  өңдеу  жағдайларында,  ақпаратты  ұсынудың 
дәстүрлі  емес  нысандары  орын  алды.  Ақпараттық  жиынтықтары  және 
олардың 
сәйкестендіру 
атауларының 
анықтығы, 
экономикалық 
көрсеткіштердің  аттарында    синонимдар  мен  омонимдарды  жою  өңдеу 
нәтижесінің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді.   
Заманауи  ақпараттық  технологиялар  (АТ)  оларсыз  енді  мүмкін  емес 
қоғам өміріне белсенді қатысады. Өндірістік процесті жетілдіру жұмсалған 
ресурстардың  (өндірістік  жүйенің  кіруі)  саны  мен  алынған  тауарлар  мен 
қызметтердің  санының  (жүйенің  шығуы)  арасалмағының  ең  нәтижелі 
нұсқасын  тұрақты  іздеусіз  мүмкін  емес.  Сөйтіп,  өндірістік  жүйенің 
жұмысын  сәйкестендіру  туралы  айтып,  жүйенің  жай-күйі  туралы 
ақпаратты  өңдеу  негізінде  қалыптасатын  басқарушылық  әсерлерді  жете 
бағалаумауға  болмайды.    Қазіргі  заманғы  АТ  қамтамасыз  етуі  мүмкін 
ұқсас шешімдердің уақтылылығынан және дәлдігінен тура тиімділігі, және 
оның  салдары  ретінде,  кез  келген  өндірістік  жүйенің  тіршілікке 
қабілеттілігі тәуелді.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет