Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
13 1-тарау АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ МІНДЕТТЕРІН ШЕШУДІҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛІ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР, АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҰҒЫМДАР Автомобильдік тасымалдауды басқару оған басқару органдары,
басқару кадрлары және дұрысын айтқанда басқару техникасы кіретін
кешенді жүйені білдіреді.
Жүйеде болып жатқан және жүктерді тасымалдаумен, шикізатты
өңдеумен, қаржының қозғалысымен, тетіктер мен машиналарды
пайдаланумен байланысты, материалдық сипатты процестер осы
жүйеге кіретін адамдардың қызметі арқылы ғана іске асырылады және
олардың тәртібінен тәуелді болады. Сондықтан, персоналдың қызметін
автоматтандыру өндіріске тура әсер етеді.
АБЖ аббревиатурасындағы сөздердің мәндік жүктемесін қараймыз. Автоматтандырылған
басқару
жүйесі
автоматты
жүйелерден
қарағанда, басқару контурында ол жүйе элементтерінің (қосымша
жүйелерінің) арасында біріктіру функцияларын орындап, басқару
субъектілері ретінде шығатын адамның болуын болжайды.
«Жүйе» ұғымы кез келген мазмұнның кейбір реттелген жиынтығы
туралы айтылған кезде, ғылымда, техникада және күнделікті тіршілікте
кең пайдаланылады. Жүйе жүйелік техникада, солай базалық
теориялық пәндерде (жалпы жүйелер теориясы, операцияларды зерттеу
және жүйелік талдау) түбегейлі үғым болып табылады.
Жүйе — бұл заңды тұрғыда бір-бірімен байланысты заттардың,
құбылыстардың, мәліметтердің, сондай-ақ табиғат, қоғам туралы
білімдерінің ж.т.б. объективті бірлігі.