Оқулық Түзетілген және толықтырылған үшiншi басылымы



жүктеу 5.69 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата31.01.2017
өлшемі5.69 Mb.
  1   2   3   4   5

М. Холиқова,  Ш. Эргашева

ӘДЕПНАМА

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің 

3-сыныбына  арналған  оқулық

Түзетілген  және  толықтырылған 

үшiншi  басылымы

Өзбекстан  Республикаcы  Xaлыққа  бiлiм

беру  министрлiгi  бекiткен

ТАШкЕНТ

«YANGIYO‘L  POLIGRAF  SERVIS

»

2016

Құрметті  оқушы!  Қолыңдағы  кітап  Сенің  «Әдепнама»  пәнінен  1-2  сыныптарда 

алған  біліміңді  одан  ары  кеңейтуге,  пысықтауға  қызмет  етеді.  Сен  3-сыныпта    әдепті 

адам  қандай  қасиеттерге  ие  болатыны,  қоғамда  өзін  қалай  ұстайтыны,  жанұясына,  

Отанына  қандай  пайда  тигізетіні  туралы  көп  нәрселерді  біліп  аласың.

Білім  иелеу  үшін  көп  оқып-үйрену  қажет.  Сенде  білім  алуға  уақыт  та,  мүмкіндік 

те  жеткілікті.  Сен  уақытты  босқа  өткізбейсің,  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланасың 

деп  ойлаймыз.

«Республикалық  мақсатты  кiтап  қорының  қаржылары  есебiнен  басылды

»

Пікір  жазғандар:



З.Замонов  –  Республикалық  білім  орталығының  «Әлеуметтік,  экономикалық 

білім  негіздері  және  рухани-ағарту  істері  бөлімінің»  бас  әдіскері;



Н.Розибоева  –  Ташкент  қаласының  Учтепа  ауданындағы  62  мектептің 

мұғалимасы;



Ш.Эгамбердиева  –  Косон  ауданындағы  95  мектептің  директоры.

Шартты  белгілер:

«Жоғары  руха ният 

–  жеңілмес  күш» 

шығармасынан

Өзбекстан  Респуб  -

ликасы  Конституция-

сының  баптары

Мәтіндегі  күрделі 

сөздердің  түсін-

дірме  сөздігі

Есіңде  сақта

Үй  жұмысы

Нақылдар  мен

хадистер

Сұрақтар  мен

тапсырмалар

Ой-өрісті

өсіретін  көңілді 

тапсырмалар



UO‘K: 177=512.122(075)

KBK: 74.200.51

X69   Холиқова М. 

Әдепнама:  Жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептердiн  3-сыныбына  арналған  оқулық  

/  М.  Холиқова,  Ш.  Эргашева;  Түзетілген  және  толықтырылған  үшiншi  басылымы.  

- Ташкент : Yangiyo‘l poligraf servis, 2016. - 96 б. 

UO‘K: 177=512.122(075)                      

         ISBN 978-9943-979-75-8   

 

 



KBK 74.200.51ya71

    ©  «Yangiyo‘l  poligraf  servis»,  2012,  2016.

ISBN 978-9943-979-75-8    

                           ©  М.  Холиқова,  Ш.  Эргашева,  2012,  2016.



3

I  БӨЛIМ.  ОТАН  –  ҚАСИЕТТІ

4

ӨЗБЕкСТАН   РЕСПУБЛИкАСЫ  – 

ТӘУЕЛСІЗ   МЕМЛЕкЕТ

Тәуелсіздік  –  ең  ұлы  жеміс.  Тәуелсіз  мемлекеттің 

халқы  еркін  және  азат  болады.  Сондықтан  ата-

бабаларымыз  ғасырлар  бойы  тәуелсіздік  үшін 

күрескен.

1991  жылғы  1  қыркүйек  –  Өзбекстан  тәуелсіздікке 

қол  жеткізген  күн.  Сол  күннен  бастап  еліміз 

даму  жолына  шықты.  Бүгінгі  таңда  қол  жеткізген 

жетістіктеріміз  тәуелсіздіктің  арқасында  болды.

Тәуелсіздік  жылдарында  жас  ұрпақтың  ке-

мел  адам  болып  өсуі  үшін  барлық  қолайлылық 

жасалған.  Жарық  та  әсем  оқу  бөлмелері,  спорт 

ғимараттары,  шығармашылық  орталықтары  құрыл-

ды.  Жастар  осы  мүмкіндіктерді  пайдаланып,  өз 

қабілетін  жарыққа  шығара  алады.

Қазіргі  күнде  өзбекстандық  жастар  кез  келген 

салада  үлкен  табысқа  жетіп,  әлемге  танылуда.

Әрбір  адам  Отанына  қызмет  етуі,  оның  гүлдеп-

жайнауына  үлес  қосуы  қажет.

Өзбекстан  жалауы,  елтаңбасы,  әнұраны  мен 

Конституциясы  тәуелсіздігіміздің  негізгі  белгілері.

Mavzuga 


oid 

rasm 


quyiladi

5

Өзбекстан  Республикасының

Мемлекеттік  әнұраны

       


Әні  Мутал  Бурхановтыкі

Сөзі  Абдулла  Ориповтікі

Серќуёш,  њ

ур  ўлкам,  элга  бахт,  нажот, 

Сен 


ўзинг  дўстларга  йўлдош,  мењрибон! 

Яшнагай  то  абад  илм-у  фан,  ижод, 

Шуњратинг  порласин  токи  бор  жањон! 

Наќарот:


Олтин  бу  водийлар  –  жон 

Ўзбекистон,

Аждодлар  мардона  руњи  сенга  ёр! 

Улуѓ  халќ  ќудрати  ж

ўш  урган  замон, 

Оламни  мањлиё  айлаган  диёр!

Баѓри  кенг 

ўзбекнинг  ўчмас  иймони, 

Еркин,  ёш  авлодлар  сенга  з

ўр  ќанот! 

Истиќлол  машъали,  тинчлик  посбони, 

Њаќсевар,  она  юрт,  мангу  б

ўл  обод! 

Наќарот:


Олтин  бу  водийлар  –  жон 

Ўзбекистон, 

Аждодлар  мардона  руњи  сенга  ёр! 

Улуѓ  халќ  ќудрати  ж

ўш  урган  замон, 

Оламни  мањлиё  айлаган  диёр!

1992  жыл  10  декабрь


6

Мемлекетіміздің  жалауы  1991  жылғы  18  ноябрь-

де  қабылданған.  1992  жылғы  2  июльде  қабылданған 

республикамыздың  елтаңбасында  аңыздық  Жалын 

құсы  бейнелген.  Сондай-ақ,  онда  мақта,  бидай,  күн, 

таулар,  алқап  және  өзендер  де  бар.

Жалау  мен  елтаңбадағы  әр  бір  рең  мен  бейне-

лер  өз  рәмізіне,  мағынасына  ие.

Өзбекстан  Республикасының  Конституциясы  1992 

жылғы  8  желтоқсанда  қабылданған.  Онда  біздің 

құқымыз  бен  борышымыз  белгіленген.

Тәуелсіздіктің  арқасында  әлемге  шықтық...

Дүние  жүзі  картасына  енді  үлкен  әріптермен 

«ӨЗБЕкСТАН»  деп  жазылатын  болды.

Ислам  каримовтың  «Өзбекстан 

тәуелсіздікке  қол  жеткізу  босағасында» 

кітабынан

   


Сәйкес  келетін  жауаптарды  қойып, 

тапсырманы  дәптеріңе  жаз:

___________  Өзбекстан  тәуелсіздігі  жарияланды.

Мемлекеттік  жалау     __________  де  қабылданды.

1992  жылғы  8  декабрь  ______  қабылданған  күн.

______________________  Өзбекстан  Президенті.

Өзбекстан  әнұранының  авторы_______________.



     

7

Сөзжұмбақты  шеш

1.  Ұлт.


2.  Ұлы  халық  құдіреті  күшейген....

3.  Әдепті  ...  –  ел  мақтанышы.

4.  ...,  жас  ұрпақтар  саған  зор  қанат.

5.  Білім  деңгейі.

6.  Еліміздегі  көне  қалалар.

7.  Мемлекетіміздің  астанасы.

8.  Отанға  ...  болу  керек.

9.  Ұлы  ата-бабамыз...  .



Ө

З

Б

E

K

С

Т

А

Н

1

2



3

4

5



6

7

8



9

8

1. «Тәуелсіздiк»  дегенді  қалай  түсіне сің?

2. Ата-анаңмен  тәуелсіздік  тақырыбы  бо-

йынша  әң  гі мелес.  «Тәуелсіздік  бізге  не 

берді?»  деген  сұ раққа  жауап  тап.

3. Мемлекеттің  рәміздері  туралы  айтып  бер.

4. Мемлекетіміздің  рәміздерін  сызуға  әрекет 

жаса.  Мемлекеттің  рәміздеріндегі  әрбір 

бейне  ненi  аңғартады?


9

кОНСТИТУЦИЯМЫЗДАҒЫ  БАЛАЛАР  ҚҰҚЫ

Мына  суреттердегі  балалар  қандай  құқық-

тарын  пайдалануда?


10

Өзбекстанда  әрбір  адам  мемлекеттің  қорғауын-

да.  Мемлекет  өз  азаматтарының  құқы  мен  еркін-

дігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  Конституциямызда  бел-

гілеп  қойылған.

Конституция  мемлекетіміздің  басты  заңы  болып 

табылады,  оған  барлығы  мойынсұнуы  қажет.

Өзбекстанда  балалар  тегін  білім  алу  құқына 

ие.  Заманалық  әрі  көрікті  мектептерде  оқып  жат-

қанымыз  осының  дәлелі.

Біз  сапалы  медициналық  қызметтен  пайдалануға 

құқылымыз.  Сондай-ақ  дем  алу  құқына  да  иеміз.

   

РҮСТЕМНІҢ  ҚУАНЫШЫ

Рүстем  биыл  1-сыныпқа  барды.  Мектепке  ба-

рудан  бұрын  анасы  оны  медициналық  тексеруден 

өткізді.


2  қыркүйек  Рүстем  үшін  ең  қуанышты  күн  бол-

ды.  1-сынып  оқушыларының  барлығына  Президент 

сыйлығы  тапсырылды.

Мектептен  қайтқан  Рүстемді  туыстары  қуаны ш  пен 

қарсы  алды.  Рүстем  оларға  сыйлық тарын  көрсетіп, 

мектебі,  ұстазы  мен  достары  туралы  әңгімелеп 

Барша  білім  алу  құқына  ие.

Тегін  жалпы  білім  алу  мемлекет  тарапынан 

кепілденеді.

Мектептің  істері  мемлекеттің  бақылауында 

болады.                                                                                           

41-бап


11

берді.  Ата-анасы  оған  жақсы  оқып,  әдепті  болу 

қажеттігін  түсіндірді.

1. Сен  алғаш  рет  мектепке  барған  күніңді 

есіңе  түсіре  аласың  ба?

2. Рүстем  қандай  құқықтарын  пайдаланды?

3. Сен  де  медициналық  тексеруден  өттің 

бе?  Медициналық  тексеру  не  үшін  қажет?

Әрқайсысымыз  борышымыз  бен  міндетіміздің 

бар  екенін  ұмытпауға  тиіспіз.

Қоғамдық 

орындарда, 

мектепте 

белгіленген 

тәртіп-ережелерге  мойынсұнуымыз  керек.

Сонымен 


қатар 

басқаларды 

құрметтеуге 

тиіспіз.  Қоршаған  ортаны  сақтау,  табиғатты  қорғау 

әрбіріміздің  парызымыз.


12

1. Сен  Конституциямызда  белгіленген  қандай 

құқықтарды  пайдаланып  жатырсың?

2. Борышың  мен  міндеттерің  туралы  да 

біліп  алдың  ба?  Олар  жайлы  айтып  бер.

3. Сен  жасайтын  жердің  табиғаты  тура-

лы  айтып  бер.  Біз  неліктен  табиғатты 

абайлауға  тиіспіз? 

Азаматтар  қоршаған  табиғи  ортаны  абайлап 

сақтауға  мiндеттi.



50-бап

13

МЕН  ӨЗБЕкСТАН  РЕСПУБЛИкАСЫНЫҢ

АЗАМАТЫМЫН

14

Бірер  мемлекетте  тұрақты  жасайтын  адам  сол 

мемлекеттің  азаматы  дейіледі.  Әрқандай  мемлекет 

өз  азаматтарының  құқықтарын  қорғайды.

Біз  Өзбекстан  Республикасының  азаматымыз. 

Сон дықтан  мемлекетіміз  біздің  оқуымызға,  дені  сау 

болып  өсуімізге  қамқорлық  жасайды.  Өйткені  біз 

еліміздің  болашағымыз.  Нағыз  адам  болып,  Отаны-

ма  пайдам  тисін,  деген  әрбір  ұл  мен  қыз  жақсы 

оқып,  әдепті  де  тәртіпті  болуы  керек.



ӨЗБЕкСТАН  ТӨЛҚҰЖАТЫ

Дананың  ағасы  Азамат  16  жасқа  толды.  Ол 

төл құжат  алған  күні  үйге  ерекше  көңіл-күймен  кіріп 

келді.


–  Апа,  мен  ұлғайдым.  Енді  менің  төлқұжатым 

бар,  –  деді. 

Дана  ағасының  неге  соншалықты  қуанғанына 

түсінбеді.  Мұны  байқаған  анасы:

Әлі  сен  де  үлкен  болғаныңда  төл құжат  аласың.

Өзбекстан  Республикасы  өз  аумағында  да, 

оның  сыртында  да  өз  азаматтарын  құқықтық 

тұрғыдан  қорғауды  және  оларға  демеушілік 

жасауды  кепілдейді.

22-бап

1. Сен  неліктен  Өзбекстан  азаматы  болып 

сана ласың?

2. Мемлекет  өз  азаматтарын  қорғайды  ма? 

Бұл  қайсы  заңда  белгіленген?


15

Оны  шет  елдерге  шыққаныңда  мақтанышпен 

көрсетесің.  Өзбекстан  төлқұжатымен  барлық  жерде 

басыңды  биік  көтеріп  жүруіңе  болады.

Сол  күні  Даналардың  үйінде  мереке  болып 

кетті.  Атасы,  әжесі  мен  әкесі  Азаматты  құттықтады.

–  Ел-жұртқа  пайдаң  тиетін  адам  бол,  ба-

лам,   –  деп  баталарын  берді.

Дананың  ағасына  қатты  әуесі  келді.  Қанеки, 

ол  да  тезірек  ұлғайып  төлқұжат  алса  ғой!  Дана 

төлқұжат  алатын  күнді  асығып  күтіп  жүр.

1. Өзбекстан  төлқұжаты  неше  жаста  беріледі? 

2.  Неліктен  Дананың  ағасына  әуесі  келді?

3.   Адам  Отаны  үшін  не  істеуі  керек,  деп  ой-

лайсың?

Төлқұжат  –  азаматтың  жеке  тұлғасын  дәлел-

дейтін  басты  құжат.



16

ОТАНЫҢ  –  АНАҢ

17

Адамзатқа  дүниеде

Өмір-ау  десем  ең  қымбат.

Дарқан  тірлік  мекенім,

Бәрінен,  Отан,  сен  қымбат!

Д.Әбілев

Отан  –  біз 

туылып 

өскен 


жер. 

Отан 


бұл  –  жанұямыз,  мектебіміз,  махалламыз,  Өзбекста-

нымыз.


Әрқандай  адам  өз  Отанын  сүйіп,  ардақтауға 

тиіс.  Жабайы  аңдар  да  туылып  өскен  жерін  тастап 

кет кісі  келмейді.  Шөп-шаламның,  ағаш-бұтақ тардың 

бө тен  жерде  өсіп-өнуі  қиын.  Өйткені  жануарлар  да, 

өсім діктер  де  өзі  дүниеге  келген  топырақта  жасауға 

бейімделген.

Әлемде  қасиетті  нәрселер  көп  емес.  Ең  ғазиз 

де  қадірлі  заттар  ғана  қасиетті  болып  саналады. 

Ана  мен  Отан  біз  үшін  әрқашан  қасиетті.  Ата-баба-

ларымыз  «Туған  жерің  –  алтын  бесігің»,  «Туған  елің 

аман  болса,  тұрмысың  жаман  болмас»    деп  босқа 

айтпаған.

1. Сен  Отан  деген  сөзді  қалай  түсінесің?

2. Сен  үшін  әлемде  ең  ғазиз  де  қасиетті 

бол ған  нәрселерді  санап  бер.

3. Сыныптастарыңмен  ауылыңның  (қалаң-

ның)  та ри хы,  әдет-ғұрыптары  туралы 

әңгімелес.  Са ған  туы лып  өскен  жерің 

неліктен  қадірлі?


18

ОТАН  САҒЫНЫШЫ

Бабамыз  Захириддин  Мұ-

хаммед  Бабырдың  есімі  пат-

ша  әрі  ақын  ретінде  әйгілі. 

Әндіжанда  туылып  өс кен  Ба-

быр  жас  кезінен  мұ қият  ілім 

үйренді,  көп  кітап  оқыды,  өлең 

жазды.  Тағдыр  тәлкегімен  ол 

Үндістанға  кетуге  мәжбүр  бол-

ды  да,  сол  жерде  қуатты  мем-

лекет  құр ды.

Бабыр  мырза  патша  болса 

да  бұл  өмірде  арманмен  жа-

сап  өтті.  Себебі  ол  өмір  бойы  туған  елінен  алыс-

та  жасады.

Отанынан  өте  алыста  болған  Бабыр  туған 

жерінен    жүзім  көшеттері  мен  қауынның  тұқымын 

алдырып,  үнді  жеріне  еккізді.  Бірақ  қауын  мен 

жүзім  өз  отанында  өсірілгендей  дәмді  болған  жоқ.

Бір  күні  Бабыр  мырзаға  туған  елі  Әндіжаннан 

қауын  әкелді.  Ол  қауынды  иіскеді  де  еңіреп  жыла-

ды.


 

1. Неліктен  Бабыр  мырза  патша  болса  да 

өмір  бойы  арманмен  жасады?

2. Бабыр  мырза  қауынды  иіскеген  соң  неге 

еңіреп  жы лады?


19

1. Қонаққа  барғанда  немесе  басқа  бір  се-

беппен  бірнеше  күн  үйіңнен  алыста  бол-

ғансың  ба?  Сондай  кездерде  нелерді  се-

зіндің?

2.  Сен  өміріңді  кімдерсіз  елестете  алмай сың?



 

Отанды  анаға  ұқсатады.  Ал  ананың  перзентке 

деген  мейірі  шексіз.  Ана  бізді  дүниеге  әкеледі,  ақ 

сүт  береді,  абайлап-ардақтайды.

Отан  да  адамдарды  ана  сияқты  сүйеді,  құ-

шағында  өсіріп-ұлғайтады.  Отанды  сүю  –  бұл  туы-

лып  өскен  жерге,  ата-бабаларымыздың  жадына  ізет-

құрмет  көр сету  дегені.  Сонымен  бірге  ана  тілімізді, 

ұлттық  құн дылықтарымызды  абайлап-сақтау  дегені. 

Отанға  қия нат  жасау  ең  ауыр  күнә  болып  саналады.

Ежелгі  заманда  алыс  елдерге  саяхатқа  аттан-

ған  адамдар  кіндік  қаны  тамған  жерден  бір  уыс 

топырақты  алып  кететін  болған.  Олар  туған  жер 

топырағы  серік  болатынына,  қауіп-қатерден  сақтай-

тынына  сенген.  Ота нын,  туысқандарын  сағынған  кез-

де  оны  иіскеп,  туған  еліне    әлбетте  қайтып  орала-

тынына  үміттенген.

Отанды  сүю  дегенде  оны  мақтау  немесе  бос 

сөздермен  бейнелеу  дегені  емес.  Адам  Отаны-

на  сеп тігін  тигізу,  оны  қорғау  арқылы  өз  махаб-

батын  паш  етуі  қажет.  Біздің  отаншылдығымыз 

жақсы  оқуымызда,  әдепті  мінез-құлқымызда  көрінеді. 

Әрқайсысымыз 

терең 


білім 

алып, 


келешекте 

Өзбекстанның  өркендеп-өсуіне  үлес  қосуымыз  керек.



ОТАНДЫ  СҮЮ  ДЕГЕН  НЕ?

20

кӨГЕРШІН  ТУРАЛЫ  ӘҢГІМЕ

Әлішер  Науаидың  «Хамса»  деген  шығармасын-

да  көгершін  туралы  өнегелі  бір  әңгіме  бар.  Онда 

баяндалғанындай,  ежелгі  заманда  хат  таситын  бір 

кө гершін  болған  екен.  Бір  күні  қатыгез  патша  оны 

ұстап  алып,  торға  салып  қойыпты.  Көп  жыл  өткен 

соң  кө гершін  тордан  азат  етіліпті,  сөйтіп  ол  тұп-

тура  өзінің  үйіне  ұшып  кетіпті.  Көгершін  үйін  көп 

іздепті.  Себебі  көп  жыл  өтіп,  оның  үйі  бұзылып  кет-

кен  екен.  Әдемі  көгершінді  көрген  адамдар  дән  сеуіп, 

аңдып,  оны  тағы  тұзаққа  түсірмекші  болыпты.  Алайда 

көгершін  оларға  назар  аудармай  үйін  іздей  беріпті. 

Ақыры  ол  өз  үйін  тауыпты  да,  қуанып  оған  қоныпты. 

Көгершін  үшін  алтын  тордан,  патшаның  сұлу  сарайы-

нан  өзінің  сол  бұзылған  үйі  қымбат  екен  ғой!

Әлемде  сүюге,  қадірлеуге  лайықты  нәрселер  көп. 

Бірақ  ең  ұлы  махаббат  –  бұл  Отанға  деген  махаб-

бат.  Президентіміз  айтқанындай,  өз  Отанын  сүйген 

адам  ұлы  істерге  қабілетті  болады. 

1. Неліктен  көгершін  көп  жыл  өтсе  де  өз 

үйін  ұмытпаған?

2. Сеніңше,  әлемде  қандай  нәрселер  сүюге, 

қа дірлеуге  лайықты?

Әрине,  әлем  –  кең,  дүние  жүзінде  мемле-

кет  көп.  Бірақ  бұл  әлемде  теңдесі  жоқ 

туған  еліміз,  Өзбекстанымыз  біреу  ғана.  Осы 

сұлу  өлке,  осы  қасиетті  жер  тек  бізге  ғана 

арналған.



21

ОТАН                                                  

Ж.  Әбдірахманов

«Отан  –  атам,

Отан  –  әкем!»

Осы  сөзім  қате  ме  екен?!

Қате  болса,

Неге  біздер

Дейміз  онда:  «Атамекен?!

«Отан  –  әжем,

Отан  –  анам!»

«Туған  ел»  деп,

«Туған  жер»  деп,

Ол  бекерге  аталмаған!..

Атам,

Әжем,


Әкем,

Анам–


Төртеуі  де  «Отан»  маған!

Төртеуі  де  «Ботам»  дейді,

«Ер-азамат  атан»  дейді!..

Мақтанамын  Отаныммен,

Отаныма  «Ботамын»  мен!..

1. «Отан»  деген  өлеңді  жаттап  ал.

2. Өлеңдегі  ата-әже,  әке-ана  деген  ұғымдар 

сүюге,  қадірлеуге  лайықты.  Бірақ  ең  ұлы 

махаббат  –  Отан  екенін  ұмытпа.


22

ОТАНЫМЫЗДАҒЫ  ТАРИХИ  ОРЫНДАР 

Елімізде  көне  орындар  өте  көп.  Олар  біздің  бай 

тарихымыздан,  ата-бабаларымыздың  терең  білім, 

ой-санасынан  дерек  береді.

Самарқант  қаласындағы  Регистан  алаңы  үнемі 

саяхатшыларға  лық  толы.  Осы  алаңда  үш  көрікті 

жәді герлік  –  Шердар, 

Тиллакори 

және 

Ұлықбек 


медреселері  орна ласқан.

  Ишан  қала  Хиуадағы  қалың 

қа  бырғалармен  қоршалған  құнды 

жә дігерлік. 

Бір 

кездері 


сол 

қабыр ғалар  қала  халқын  сыртқы 

жау лардан  қорғаған.  Ишан  қа-

ла  ЮНЕСКО-ның  Бүкіләлем  жәді-

герліктері  тізі міне  енгізілген.  1997 

жылы  Хиуа  қа ласының  2500 

жылдығына  орай  жәдігерлік  қайта 

жөнделді.



23

Минораи  Калон  –  үлкен  мұнара  дегені.  Бұл  жә-

дігерлік  1127  жылы  құрылған.  Бұхараға  барған 

адам    сол  ғимаратты  көрмей  кетпейді.   

Имам 

Бұхари 


кешені 

Самарқант 

қаласы 

маңындағы  Хартанг  қыстағында  орналасқан.  Ата-



бабаларымыз  ұлы  ойшыл  ғұламаның  қабірін  зия-

рат  орнына  айналдырған.  1998  жылы  Президенттің 

баста масымен  Имам  Бұхари  кешені  құрылды.   

Астанамыз  орталығындағы  Қазірет  Имам  кешені 



24

2007  жылы  қайта  қалпына  келтіріліп,  жөнделді. 

Кешен  кесенеден,  мешіттен  және  медреселер-

ден  тұрады.  Оны  зиярат  ету  үшін  еліміздің  жер-

жерлерінен  және  шетелдерден  қонақтар  келеді.

Ата-бабаларымыздан  мұра  болып  қалған  тарихи 

орындарды  сақтау  және  болашақ  ұрпақтарға  жеткізу 

әрқайсысымыздың  борышымыз. 

Тәуелсіздік  жылдарында  елімізде  сұлу  ғимараттар 

құрылды.  Бұл  ғимараттар  да  болашақта  тарихи 

жәдігерліктер  ретінде  қадірленеді.

1. Еліміздегі  қандай  тарихи  жәдігерліктер  ту-

ралы  білесің?

2. Сен  де  тарихи  орындарды  зиярат  еткен-

сің  бе?

3. Тәуелсіздік  жылдарында  құрылған  көрікті 

ғима раттар  жөнінде  не  білесің?

4. Тарихи  жәдігерліктерді  неліктен  абайлап-

сақтау  қажет?


25

1.  Қайсы  қатардағы  жауаптарда  тарихи  жәді-

герліктер  дұрыс  көрсетілген?

А)  ауылдар  мен  қалалар;

Ә)  мектептер  мен  лицейлер;

Б)  көне  ғимараттар;

В)  өзендер  мен  каналдар.

2.  Регистан  алаңы  қайсы  қалада  орналасқан?

А)  Бұхарада;

Ә)  Самарқантта;

Б)  Хиуада;

В)  Ташкентте.

3.  Самарқант  маңындағы  Хартанг  қыстағында 

кімнің  кесенесі  орналасқан?

А)  Бахауиддин  Нақшбанди;

Ә)  Имам  Термiзи;

Б)  Әлішер  Науаи;

В)  Имам  Бұхари.

4.  Минораи  калон  –  қандай  мағынаны  білді ре-

ді  және  ол  қайсы  қалада  орналасқан?

А)  Үлкен  мұнара  –  Бұхарада;

Ә)  Биік  мұнара  –  Хиуада;

Б)  Көне  мұнара  –  Самарқантта;

В)  Кіші  мұнара  –  Шахрисабзда.

Тақырып  бойынша  тестілер




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет