Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет127/230
Дата01.10.2024
өлшемі23,05 Mb.
#146352
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230
Бет сүйектері
Бет сүйектері, ossa faciei, сезім мүшелері (көру, иіс сезу), сондай-ак 
асқорыту (ауыз қуысы) және тыныс алу (кеңсірік) жүйелері орналасу 
үшін сүйекті орын-жайлар түзеді, олардың құрылысы осыған байла- 
нысты болады. Соның өзінде маймылдың адамға айналу үрдісіне, яғни 
еңбектің жетекші рөліне, ұстау-үзу қызметінің жақ сүйектерден еңбек 
ету мүшесі қолға ауысуына, түсінікті сөз сөйлеудің дамуына, ми мен 
оның құрам бөліктері - сезім мүшелерінің дамуына, шайнау 
аппаратының жұмысын жеңілдететін қолдан даярланған тамақты 
пайдалануға байланысты, бастың жұмсақ бөліктерінде пайда болған 
өзгерістер олардың құрылыстарына әсерін тигізді.
114


55 
с у р е т. Ж оғарғы ж а к сү й ек , 
maxilla.
A - сы ртқы к өр ін ісі: 1 - p r o c e ss u s frontalis; 2 - crista lacrim alis anterior;

m a rg o infraorbitalis; 4 
fa cie s anterior; 5 = for. infraorbitale; 6 - fo ssa canina;
7 - in cisu ra n asalis; 8 
p r o c e ss u s palatinus; 9 
spina n asalis anterior; 10 juga
a lv eo la r ia ; 11 
p r o c e ss u s alveolaria; 12 - p r o c e ssu s z y g o m a tic u s; 13 - fa cie s
orb italis; 14 - sul. infraorbitalis. Б - ішкі көрінісі: 1 - sul. lacrimalis; 2 
crista
e th m o id a lis ; 3 
crista c o n c h a lis; 4 - crista nasalis; 5 - c an alis in cisiv u s;

p r o c e ss u s a lv eo la r is; 7 - fa cie s nasalis; 8 
hiatus m axillaris.
Жогаргы жақсүйек,
maxilla, құрылысы күрделі жүп сүйек. Оның 
құрылысының күрделі болуы атқаратын қызметінің алуан түрлілігіне 
байланысты; сезім мүшелеріне арналған қуыстар - көзүясы мен 
кеңсірік, кеңсірік пен ауыз арасында қалқа түзуге, сондай-ақ шайнау 
аппаратының жүмысына қатысады.
Адамда 
еңбек 
әрекетіне байланысты 
үстау-үзу қызметінің 
жақсүйектерден (жануарлардағы сияқты) қолға ауысуы жоғарғы 
жақсүйектердің кішіреюіне әкеледі; сонымен бірге адамда түсінікті сөз 
сөйлеудің пайда болуы жақсүйектің қүрылысын нәзіктендіреді. 
Осының барлығы негізінде дамитын жоғарғы жақсүйектің қүрылымын 
белгілейді.
Жоғарғы жақсүйек дене мен төрт өсіндіден тұрады (55-сурет).
А.
Денеде, corpus maxillae, үлкен ауалы куыс, sinus maxillaris 
(жоғарғы жақсүйекті немесе Гайморов қуысы, осыдан қуыстың 
қабынуы - гайморит) бар, ол кең тесігі, hiatus maxillaris, арқылы 
кеңсірікке ашылады. Дененің төрт бетін ажыратады .
Алдыңғы бет, facies anterior, қазіргі кездегі адамда тамақты колдан 
даярлауға байланысты шайнау қызметінін әлсіреуінен ойыстанған, ал
115


неандерталдық адамда жалпақ болған. Ол төменгі жағында ұяшықты 
өсіндіге айналады, ол жерде тіс түбірлерінің орнына сәйкес келетін 
бірқатар ұяшықты томпақтар, juga alveolaria, байқалады. Иттіске сәйкес 
келетін томпақтар басқаларына қарағанында айқындау білінеді. Одан 
жоғары және латералды иттіс шұңқыры, fossa canina, орналасқан. 
Жақсүйектің жоғарғы жағында алдыңғы беті көздік беттен көзұя 
астындағы жиегімен, margo infraorbitalis, бөлінеді. Одан төмен көзұя 
астындағы тесігі, foramen infraorbitale, байқалып тұрады, ол арқылы 
көзұясынан аттас нерв пен артерия шығады. Алдыңғы беттің медиалды 
шекарасы - мұрын тілігі, incisura nasalis.
Төменгі самайлық бет, facies infratemporalis, алдыңғы беттен бет 
өсіндісі арқылы бөлінген және онда жоғарғы жақсүйектің төмпешігі, 
tuber maxillae, және sulcus palatinus major орналасады.
Мұрындық беті, facies nasalis, төменгі жағында таңдай өсіндісінің 
жоғарғы бетіне айналады. Онда төменгі мұрын қалқаны crista conchalis 
үшін қыр байқалады. Маңдай өсіндісінің артында көзжасы жүлгесі, 
sulcus lacrimalis бар, ол көзжасы сүйегі және төменгі қалқанмен бірге 
көзұясын төменгі мұрын жолымен жалғастыратын мұрын көзжасы 
өзегіне айналады. Одан да артқа қарай sinus maxillaris-ке келетін үлкен 
тесік орналасқан.
Тегіс, жалпақ, көздік беті, facies orbitalis, үшбұрыш пішінді. Оның 
медиалды жиегінде, маңдай өсіндісінің артында көзжас тілігі, incisura 
lacrimalis, жатады, оған көзжасы сүйегі кіреді. Көздік бетінің артқы 
жиегінен көзұя асты жүлгесі, sulcus infraorbitalis, басталады, ол 
алдыңғы жағына қарай бұрын аталған foramen infraorbitale арқылы 
жоғарғы 
жақсүйектің 
алдыңғы 
бетінде 
ашылатын 
canalis 
infraorbitalis-ке айналады. Көзұя асты өзегінен алдыңғы тістерге 
баратын нервтер мен тамырларға арналған үяшықты өзектер, canales 
alveolares, шығады.
Ә. Өсінділер:1. Маңдай өсінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет