қыры, самай шұңқырының төмен қарай тікелей жалғасы болып
табылады, әрі сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының crista infra-
temporalis, олардың арасындағы шекара қызметін атқарады. Сырт
жағынан fossa infratemporalis ішінара төменгі жақсүйектің тармағымен
бүркеледі. Ол fissura orbitalis inferior арқылы көзұясымен, ал fissura
pterygomaxillaris арқылы қанат-таңдай шұңқырымен жалғасып каты-
насады.
Fossa pterygopalatina, қанат-таңдай шұңқыры, алдыңғы жағынан
(алдыңғы қабырға) жоғарғы жақсүйек және артқы жағынан (артқы
қабырға) қанат тәрізді өсінді арасында орналасқан. Таңдай сүйегінің
қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысынан бөлетін вертикалды
табақшасы, оның медиалды қабырғасы қызметін атқарады.
Қанат-таңдай шұңқырына бес тесік ашылады: 1) медиалды тесік
мұрын қуысына -
Достарыңызбен бөлісу: